Agriculture АЗЫҚ - ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257837
        36 32

Кілттік сөздер:

аумақ, нарық, өндіріс, ауыл шаруашылығы географиясы, зерттеу әдістері

Аннотация

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде аумақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жаһандық сипаттағы негізгі проблемалардың біріне айнала отырып, өзектілігін арттыруда. Ауыл шаруашылығы – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ұлттық экономиканың базалық саласы, сондай-ақ жекелеген өңірлер дамуының маңызды факторы болып табылады. Мақалада азық-түлік белдеуін зерттеудің теориялық негіздері шетелдік және отандық ғылыми зерттеушілердің еңбектері, қалыптастыру мен дамытудың бастапқы шарттары берілген. Сондай-ақ кеңістіктік дамудың әртүрлі теориялары жүйелі түрде қарастырылады, олардың заңдылықтары мен ерекшеліктері зерттеледі. Талдау жүргізу нәтижесінде азық - түлік белдеуі ұғымын негіздеген авторлардың пікірлері жинақталып берілген. Ауыл шаруашылығының аумақтық құрылымын географиялық зерттеудің бағыттарымен қатар, мақалада ауыл шаруашылығын зерттеудің жаңа географиялық әдістерінің қалыптасуы да қарастырылады. «Қала маңы ауыл шаруашылығы» ұғымының теориялық – әдіснамалық және қолданбалы мәселесімен мағынасын анықтау мақсатында шетелдік және отандық авторлардың көзқарастарына жан-жақты талдау жасалған.   

Авторлардың биографиясы

Г.Ш. Оспанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD докторант, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті, Физикалық және экономикалық география кафедрасы

А.Т. Мылкайдаров, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

г.ғ.к., аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

А.Б. Сансызбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - PhD, аға оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті, Физикалық және экономикалық география кафедрасы

Жүктелулер

Как цитировать

Оспанова, Г., Мылкайдаров, А., & Сансызбаева, А. (2025). Agriculture АЗЫҚ - ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(3). https://doi.org/10.26577/JGEM20257837

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география