ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОН ЖҮЙЕСІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257723
        187 41

Кілттік сөздер:

халықтың көші-қоны, еңбек көші-қоны, еңбек нарығы, Қазақстан Республикасы, шетелдік жұмыс күші

Аннотация

Бұл жұмыста көші-қон үдерістерін, атап айтқанда «еңбек көші-қонын» зерттеудің теориялық-әдіснамалық аспектілері қарастырылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың халық пен еңбек көші-қоны теориялары талданады. Қазақстандағы еңбек көші-қонының тарихи кезеңдері және қазіргі кезеңдегі сыртқы еңбек көші-қонының негізгі үрдістері зерттеледі. Еңбек көші-қонының ерекшеліктері, көші-қонға түрткі болған мәселелері, айрықша қасиеттері, түрлері мен белгілері ашып көрсетіледі. Сыртқы еңбек көші-қонының негізгі себептері мен факторларын анықтауға ерекше көңіл бөлінген. Қазақстандағы көші-қон бағыттары мен шетелдік жұмыс күшін тартудың негізгі салалары талданады. Қазақстандағы сыртқы еңбек көші-қоны - әлеуметтік-экономикалық дамудың және жүзеге асырылып жатқан көші-қон саясатының нәтижесі ретінде ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі донор ел емес, реципиент ел екені анықталды; Қазақстанның еңбек нарығы шетелдік жұмыс күшімен және негізінен Орталық Азия елдерінен келген біліктілігі төмен еңбек иммигранттарымен толығып отырады. Орталық Азия республикаларынан Қазақстанға еңбек мигранттары ағынының ерекшелігі – олардың көпшілігінің заңсыз жұмыс істеуі. Сонымен қатар, сыртқы еңбек көші-қонының негізгі үрдістерінің бірі – білікті кадрлардың айтарлықтай кетуі аясында отандастардың эмиграциясы көлемінің азаюы, яғни «ақыл-ойдың сытылуы» үдерісі. Еңбек көші-қоны мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің көптігіне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы еңбек көші-қоны аспектілерінің зерттелуі жеткіліксіз екендігі атап өтіледі

Авторлардың биографиясы

Р.Ж. Келинбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы

Б.К. Сарсенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

8D05202 - География 1 курс докторанты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ч.Б. Жумагулов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

8D04103 - Мемлекеттік және жергілікті басқару 3 курс докторанты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

З.А. Толеков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

докторант 2 курса 8D05202 – География, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

С.К. Касымгалиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

8D07304- Жерге орналастыру 3 курс докторанты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жүктелулер

Как цитировать

Келинбаева R., Сарсенова B., Жумагулов C., Толеков Z., & Касымгалиев S. (2025). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОН ЖҮЙЕСІНДЕ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 77(2). https://doi.org/10.26577/JGEM20257723

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география