АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫН ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257727Кілттік сөздер:
ГАЖ технологиялары, геокеңістіктік талдау, топырақтың ауыр металдармен ластануы, интерполяция, спектрометрияАннотация
Бұл зерттеуде картографиялық әдістерді қолдану арқылы Ақтөбе облысының аумағында топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі зерттелді. Зерттеу барысында топырақтағы хром (Cr), никель (Ni), мышьяк (As), молибден (Mo), кобальт (Co), мырыш (Zn), қорғасын (Pb), мыс (Cu), кадмий (Cd) және бор (B) элементтерінің кеңістіктік таралу ерекшеліктері талданды. Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) негізінде алынған мәліметтер негізінде ақпараттық-бағалау карталары жасалды.
Зерттеудің негізгі мақсаты – аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың топырақтың ауыр металдармен ластануына ықпалын бағалау. Осы мақсатта Дөң тау-кен байыту комбинаты, Мұғаджар ауданының тау-кен кәсіпорындары, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, сондай-ақ облыстың мұнай-газ кен орындарына жақын аймақтарда топырақ үлгілері алынып, зертханалық талдау жүргізілді. Алынған мәліметтер кері өлшенген қашықтық (Inverse Distance Weighted – IDW) интерполяция әдісі арқылы өңделді.
Зерттеу нәтижелері аймақта ауыр металдардың жоғары концентрацияланған аумақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұнай-газ өндірісі және тау-кен байыту комбинаттарының әсері байқалатын аймақтарда қорғасын (Pb), кадмий (Cd) және мырыш (Zn) элементтерінің концентрациясы жоғары екендігі анықталды. Сонымен қатар, жекелеген элементтердің кеңістіктік таралу заңдылықтарын сипаттайтын кешенді картографиялық модель әзірленді.
Алынған нәтижелер stat.gov.kz сайтындағы ресми статистикалық деректермен салыстырылып, өнеркәсіптік ластану аймақтарының ерекшеліктері талданды. Зерттеу барысында өндірістік кәсіпорындарға жақын аудандардағы ауыр металдар концентрациясының ресми мәліметтермен сәйкессіздігі байқалды, бұл аймақтық мониторинг жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетед
