УРБАНДАЛҒАН ОРТАДА ӨСЕТІН КӘДІМГІ БАҚБАҚТА ҚОРҒАСЫННЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM80120267

Кілттік сөздер:

қала ортасы, қорғасын, автокөліктер, кәдімгі бақбақ өсімдігі, өсімдіктің морфология-анатомиялық құрылысы

Аннотация

Қазiргi уақытта қала ортасының ластануы өзекті мәселе болуда, өйткенi көлiк құралдары мен өнеркәсiптің газ және шаң тәрiздi қалдықтарымен қарқынды қаныққан. Бұл адам мен басқа да организмдердің өмір сүру жағдайларының нашарлауына әкелуде. Сондықтан ластаушы заттардың әртүрлілігі мен техногендік әсер ету түрлеріне байланысты қоршаған ортаның жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізуге биоалуантүрлілік спектрін кеңейту қажет.

Мақала автокөліктерден қорғасынның атмосфераға таралуы, оның топырақ қабаттары бойынша шоғырлануы, топырақтағы микроағзалалардың санына әсері, сондай-ақ кәдімгі бақбақтың вегетативті мүшелерін талдау негізінде екі қаладағы табиғи ортаның қорғасынмен ластану дәрежесін салыстыра отырып бағалауға негізделген.

Зерттеуге көлік ағыны жоғары Алматы қаласының топырағы және Талғар қаласының бау-бақша учаскелерінің топырақтары, кәдімгі бақбақ өсімдігінің тамырлары, сабақтары мен жапырақтарының үлгісі жиналып, оларда қорғасынның жинақталу мөлшері зерттелді. Сонымен бірге автокөліктен шығатын ластаушы газдардың құрамындағы қорғасынның атмосферадағы мөлшері есептелді.

Урбандалған ортада автокөліктерден және басқа да көздерден шыққан қорғасын топырақ пен өсімдікте аккумуляцияланады. Сондай өсімдіктің бірі-кәдімгі бақбақ.

Зерттеу мағлұматтары қала ортасының белсенді поллютанттармен ластануын айғақтайды. Сондай-ақ статистикалық және кеңістіктік талдаулар автокөлік жүктемесі жоғары ортада өскен кәдімгі бақбақтың, бұл түрді қала ортасының биомониторингінің көрсеткіші ретінде ұсынуға болатынын көрсетеді

Авторлардың биографиясы

М.М. Даулетбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Биология кафедрасының аға оқытушысы

Г.У. Байташева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институтының директоры, доцент

А.К. Таныбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті

А.А. Кулбекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

магистр, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Биология кафедрасының аға оқытушысы

М.О. Айтжанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Биология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

Э.М. Иманова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Как цитировать

Даулетбаева, М., Байташева, Г., Таныбаева, А., Кулбекова, А., Айтжанова, М., & Иманова, Э. (2026). УРБАНДАЛҒАН ОРТАДА ӨСЕТІН КӘДІМГІ БАҚБАҚТА ҚОРҒАСЫННЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 80(1). https://doi.org/10.26577/JGEM80120267