КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫ МАҢЫНЫҢ СУ БАСУ ЖАҒДАЙЫНА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257619Кілттік сөздер:
Атырау қаласының маңы, Жайық өзені, көктемгі су тасқыны, географиялық талдау, су тасқынын қалыптастырушы факторларАннотация
2024 жылдың көктемінде Қазақстан елдің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерін қамтыған, айтарлықтай экономикалық залал келтірген апатты су тасқынына тап болды. Су тасқыны кезінде Атырау қаласы мен оның айналасы су басу қаупіне ұшырады. Зерттеудің мақсаты – Жайық өзені суының режиміне талдау жасай отырып, су тасқынына ықпал еткен факторларды, сондай-ақ су тасқынының кеңістіктік таралу ерекшеліктерін анықтау және динамикасын көрсету. Су басу процесіне талдау жасауда гидрологиялық бекеттердің деректері қолданылды. Судың кеңістіктік таралуын көрсетуде ArcGIS Pro 3.2 бағдарламасында Sentinel 2A ғарыштық түсірілімдерін дешифрлеу жұмыстары жүргізілді және карталары құрастырылды. Бұл мақалада 2024 жылғы көктемде орын алған су тасқыны кезінде Атырау қаласы мен оның айналасындағы аумақтардың су басу процесіне географиялық талдау жасалады. Су тасқынының кеңістіктік таралуы, оған әсер ететін климаттық жағдайлар, жер бедері және антропогендік факторлар егжей-тегжейлі қарастырылады. Зерттеу нәтижелері су тасқынының табиғатын түсінуге, оның зиянын азайту және су ресурстарын тиімді басқаруға стратегияларын жасауға септігін тигізеді. Алайда, мұндай табиғи апаттарға қарсы күресу ғылыми зерттеулерді және жергілікті атқарушы органдармен белсенді өзара іс-қимылды біріктіретін кешенді тәсілді талап етеді.
