Скопус деректер базасын пайдалану арқылы туризмдегі гендерлік мәселелерді қысқаша библиометриялық статистикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.9Аннотация
Туризмдегі гендерлік мәселелерді зерттеуге арналған әртүрлі басылымдар ең танымал дерекқорлардың бірі Scopus көмегімен жинақталып іріктелді. Зерттеу құжаттары соңғы 2 онжылдықтағы (2004-2023 жылдар арасындағы) жарияланымдар болып саналады. Scopus анализаторы ғылыми басылымдардың жыл, дереккөз, ел, т.б. сияқты кейбір талдау нәтижелерін алу үшін пайдаланылады. VOSviewer 1.6.17 нұсқасы бірлескен-авторлық (co-authorship) және бірлескен-көріну (co-occurrences) сияқты әртүрлі бірліктерді талдау үшін пайдаланылады. Статистикалық талдау және желілік талдау 2022 және 2023 жылдары жарияланған құжаттардың ең көп санын көрсетті, соның ішінде Испания басылымдардың ең көп санын иеленген. Нәтижелер сондай-ақ алғашқы 10 жылда басылымдар саны өте аз, өсім біркелкі болғанымен, кейінгі 10 жылда жарияланған құжаттар саны жалпы алғанда бірте-бірте өскенін көрсетеді, ол өсім 2021 жылдан бастап біркелкі әрі қарқынды болды. Испаниядан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан және Австралиядан келген зерттеушілер дүние жүзінде жарияланған барлық құжаттардың 50%-дан астамын құрады, бұл көрсеткіш басқа 59 ел мен аумақтан асып түсті. Сонымен қатар, басылымдар тән үздік 10 ұйымның ең өнімді үш институты жоғарыда аталған елдерге тиесілі. Туризмдегі гендерлік мәселені зерттеу демократиялық дамыған ағылшын тілді елдер мен кейбір батыс елдерінің ғалымдарының бастамасы және жаппай қызығушылық COVID-19 пандемия кезеңі аяқталғаннан кейін ғана оянды деп айтуға болады. Әртүрлі параметрлердің желілік талдауы әйелдердің көшбасшылығы, құзіреттіліктерін кеңейту және жұмыспен қамту мәселелері бойынша одан әрі зерттеулерге үлес қосу үшін көп мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді.
