Студенттердің жобалық іс-әрекеті: қаланың даму стратегиясын әзірлеу (Ақтөбе қаласы аудандарының мысалында)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.11
        228 96

Кілттік сөздер:

географиялық білім, географиялық ойлау, қалалар географиясы, қала дамуының болжамдары мен сценарийлері, жоба әдісі

Аннотация

Мақалада студенттердің қала дамуының болжамдары мен сценарийлерін құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелік тәсілдер мен білім беру стратегиялары талданады. Зерттеу барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «География» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Ақтөбе қаласындағы екі ауданның жағдайын бағалау және дамуын болжауға бағытталған жобалық іс-шараларға қатысты. Негізгі назар ағымдағы деректерді саралауға, қаланың дамуына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға және әртүрлі сценарийлерді құруға аударылды: оптимистік, пессимистік және статус-кво. Эксперименттік зерттеулер жобалық әрекеттер сыни және шығармашылық ойлауды, жүйелік түсінуді және аналитикалық дағдыларды дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Жұмыс барысында студенттер қаланың нақты мәселелерімен кездесіп, оларды шешудің инновациялық шешімдерін ұсынды. Мақалада сондай-ақ болжамдар мен сценарийлерді құруда этикалық сана мен коммуникативті дағдылардың маңыздылығы талқыланып, сценарийлік ойлаудың эмоционалдық және интеллектуалдық аспектілерін одан әрі түсіну үшін зерттеу қажеттігін көрсетеді. Зерттеуде сценарийлік ойлауды бағалауды түсіну үшін екі қадам жасалды. Біріншіден, сыни және шығармашылық ойлауды бағалайтын ашық тапсырмалар қолданылды. Екіншіден, негізділік пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін білім берудегі шығармашылық туралы әдебиеттерде ұсынылғандай топтық жұмыс арқылы эскиздік шығармашылық бағаланды. Мақаланың тұжырымдары студенттердің бойында осы дағдыларды дамыту қалалық аумақтардың тұрақты және әділ дамуына елеулі үлес қоса алатын құзыретті мамандарды дайындаудың негізгі факторы екенін көрсетеді. Студенттер дәлелдеу дағдыларын бірден тәжірибеде қолданбайды, мысалдарды бақылап, талдаған кезде материалды дұрыс игереді. Мұндай нәтижелер сценарий бойынша ойлауды қалыптастыру үшін де пайдалы болуы мүмкін, өйткені мысалдарды бақылау және талдау оқушылардың тереңірек түсінуіне және рефлексиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Авторлардың биографиясы

В.Н. Холина, Ресей халықтар достығы университеті (РУДН)

География ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ресей халықтар достығы университеті экономика факультетінің аймақтық экономика және география кафедрасының меңгерушісі

Г.Ж. Шумакова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

«6D011600 – География» білім беру бағдарламасының докторанты, Абай атындағы ҚазҰПУ

А.М. Сергеева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - География ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, География және туризм кафедрасының профессоры

А.Г. Абдуллина, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

PhD (География), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, География және туризм кафедрасының аға оқытушысы

Д.Т. Алиаскаров, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

PhD, география және экология кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктелулер

Как цитировать

Холина, В., Шумакова, Г., Сергеева, А., Абдуллина, А., & Алиаскаров, Д. (2025). Студенттердің жобалық іс-әрекеті: қаланың даму стратегиясын әзірлеу (Ақтөбе қаласы аудандарының мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 75(4), 138–153. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.11

Шығарылым

Бөлім

Географиялық білім -беру