Қазақстан ірі қалаларының демографиялық және көші-қон үдерістері: негізгі тренденциялар мен динамика
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.1Кілттік сөздер:
демографиялық үдеріс, туу, өлім, халықтың көші-қоны, Қазақстанның ірі қалаларыАннотация
Халықтың табиғи және миграциялық қозғалыстары, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік, экономикалық, геосаяси және басқа да өзгерістерді айқындайды. Соңғы оңжылдықтарда Қазақстан Республикасындағы халықтың даму үдерістерінің бірі қала агломерациялардың қарқынды өсуі және халықтың көп бөлігінің соларда шоғырлануы болды. Көп мөлшерде халықтың кеңістікте шоғырлануы бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді, сонымен қатар теріс қиындықтар мен қауіптерге әкеліп соғады. Бұл мақалада Қазақстанның үш ірі қаласында (Астана, Алматы және Шымкент) 2000-2022 жылдар аралығындағы демографиялық үдерістердің дамуының салыстырмалы талдауы берілген.Үш қалада болып жатқан миграциялық үдерістеріне баға беріліп, қалалардың сыртқы және ішкі көші-қон үрдістері және олардың туындау себептері анықталды. Демографиялық және көші-қон үдерістерінің мәнін түсіну аймақтардағы әлеу- меттік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық үрдістері мен бағыттарын болжауға және бағалауға мүмкіндік береді. Халық құрылымын талдау елдің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатының іргелі бағыттарын әзірлеудің маңызды шарты болып табылады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының статистикалық мәліметтерін талдау негізінде жүргізілді.
