ШӨЛЕЙТ ЗОНАСЫНЫҢ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҒЫ ДИНАМИКАСЫН КӨП СПЕКТРЛІ КЕСКІНДЕРДІ КЛАСТЕРЛЕУ ӘДІСІН ҚОЛДАНЫП ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257617Кілттік сөздер:
Жерді қашықтықтан зондылау, кластерлеу, NDVI мәндері, құрғақшылық қаупі, кеңістіктік-уақыттық динамикаАннотация
Құрғақшылық қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін үлкен табиғи қауіп болып табылады. Соңғы онжылдықтарда дүние жүзі бойынша адамзат ауыр әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдары бар құрғақшылықты бастан өткерді. Құрғақшылық мәселесін зерттеген авторлардың еңбектерінің нәтижелеріне сүйенсек, ғасырдың аяғында құрғақшылықтың ауырлығы мен жиілігі артады деп күтілуде. Жұмыстың мақсаты метеорологиялық мәліметтер және ғарыштық мониторинг деректері негізінде Қазақстанның Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумағындағы 2015 және 2023 жылдардағы құрғақшылықтың динамикасын анықтау болып табылады. Мониторинг нысаны - қоңыржай климаттық белдеудің шөлейт зонасының құрғақшылығы ықтимал осал аймағының физикалық-географиялық жағдайына шолу жасалды. Sentinel-2 спутниктік суреттерінің көмегімен оптикалық спектрдің әртүрлі диапазондарында алынған Жерді қашықтықтан зондтау деректері тақырыптық өңделіп, көп спектрлі кескіндерін кластерлеу тәсілі қолданылды. Спутниктік суреттерді қабаттаспайтын кеңістіктік аумақтарға бөліп кластерлеу параметрі ретінде NDVI мәндері алынды. Өсімдік жамылғысының NDVI мәндерінің кеңістіктік-уақыттық динамикасына талдау жасалды. NDVI мәндері https://crop-monitoring.eos сандық платформасындағы Sentinel-2 спутнигі арқылы түсірілген ғарыштық суреттердің 2015-2023 жж. аралығындағы мәліметтері негізінде сарапталды.
