ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРЕНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM202577211Кілттік сөздер:
сапа, қонақ үй қызметтерінің сапа классификациясы, туризм, Еуропа және Азия, қонақжайлылықАннотация
Жаһандану мен халықтың белсенді мобильділігі жағдайында қонақүй қызметтері инфрақұрылымның қарапайым элементі ғана емес, туризмді дамытудың және туристік дестинацияның имиджін қалыптастырудың стратегиялық факторы ретінде қарастырылады. Дегенмен, қонақүй индустриясының тұрақты өсіміне қарамастан, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мен стандарттау мәселесі әлі де өзекті әрі толық шешімін таппаған проблемалардың бірі болып отыр. Қолданыстағы сапа бағалау жүйелері көп жағдайда қазіргі тұтынушылардың нақты үміттері мен қажеттіліктерін толық қамтымайды, әсіресе мәдени және өңірлік алуан түрлілік жағдайында.
Осыған байланысты зерттеудің өзектілігі қонақүй қызметтерінің сапасын бағалауға деген көзқарастарды қайта қарау және оларды қазіргі жаһандық үрдістер мен тұтынушылық тәжірибе ерекшеліктерін ескере отырып жаңғыртудың қажеттілігінде жатыр. Ұсынылып отырған тәсілдің практикалық маңыздылығы – нақты тұтынушы сұранысына бағытталған және клиенттердің қанағаттану деңгейін арттырып, қонақүй кәсіпорындарының нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайта алатын жетілдірілген сапа классификациясы жүйесін әзірлеуде.
Осы зерттеудің мақсаты – қонақүй сервисі контексінде «сапа» ұғымын талдау, оны қабылдаудың негізгі аспектілерін анықтау және қонақүй қызметтерінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар кешенін әзірлеу. Зерттеу әдістемесі – әлемнің түрлі аймақтарындағы, әсіресе Еуропа мен Азия елдеріндегі қолданыстағы сапа бағалау жүйелерінің салыстырмалы талдауын және нарықтың заманауи талаптарына негізделген авторлық классификацияны сынақтан өткізуді қамтиды
