Жайық-Каспий су шаруашылығы алабының аумағындағы жылымықтың климаттық сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.7Кілттік сөздер:
климаттың өзгеруі, ауа температурасы, жылымық, сушаруашылық алабыАннотация
Каспий-Жайық су шаруашылығы алабында орналасқан 47 метеорологиялық станция бойынша аспаптық бақылаулар басталғаннан 2022 жылға дейінгі орташа тәуліктік, максималды және минималды ауа температурасының тәуліктік климаттық қатары таңдап алынды. Ауа температурасының таралуының негізгі жыл ішіндегі өзгерістері қарастырылып, ауаның орташа тәуліктік температурасының 0°С арқылы тұрақты ауысу күндері, зерттеу аумағында тұрақты аязды кезеңнің басталуы мен аяқталуының орташа көпжылдық күндері анықталды. Тұрақты аязды кезеңнің ұзақтығын (күндер саны) және екі кезеңдегі әр түрлі уақыттық градациялардағы жылымық жағдайларының санына екі кезеңге (аспаптық бақылаулар басталғаннан бастап 1973 жылға дейін және қазіргі кезең 1974 жылдан бастап 2022 жылға дейін) салыстырмалы бағалау жүргізілді. Зерттелетін аймақтың метеорологиялық станцияларының көпшілігінде қысқа мерзімді, яғни олардың ұзақтығы 5 күнге дейін созылатын жылымықтар азайған. Керісінше, 10, 20 және 30 күнге дейін созылатын жылымық күндер саны айтарлықтай өскен, яғни 2-ден 6 есеге дейін. Жалпы алғанда соңғы жылдары жылымықтың жиілігі артқан, әсіресе қараша, ақпан және наурыз айларында анық байқалған.
