ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257724
        252 81

Кілттік сөздер:

миграция, ішкі миграция, халықаралық миграция, геосаяси жағдай, заңсыз миграция

Аннотация

Қазіргі заманғы миграция табиғи орын ауыстырудан, ұлттық демографиялық саясаттан тыс шығып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты болып отыр. Біріншіден, жаһандану жағдайында әлем үнемі миграция жағдайында болып отыр. Миграцияның әртүрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық жағдайына әсер ету деңгейі артты, миграциялық фактор ешқашан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан мұндай маңызды рөл атқармаған, ал бұл өз кезегінде мемлекеттер арасындағы, оның ішінде интеграция серіктестері мен одақтастары арасындағы қызығушылықтар қақтығысын тудырады. Осы орайда Қазақстан Республикасы қазіргі заманғы халықаралық миграциялық процестерге белсене қатысып, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін миграцияны басқарудың тиімді құралдарын іздестіруде. Қазақстанға транзиттік жолмен келетін шетелдіктердің заңсыз миграция арналарын қалыптастырудағы маңызды факторлардың бірі – көршілес елдердегі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, Ресей мен Украинадағы соғыс, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы оқиғалар, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы кезекті қарулы қақтығыстардың салдары болып табылады. Қазақстанның батыс шекаралық аймағы – миграция қарқынды жүретін өңір болып табылады және республика үшін негізгі аймақ ретінде қарастырылуда. Осылайша, болашақ миграциялық ағындар туралы болжам жасап, әрекет ету жоспарын әзірлеудің өзектілігі, осы тұрғыдан миграциялық тенденцияларды терең зерттеп, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға негізделген

Авторлардың биографиясы

Г.Н. Нүсіпова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

г.ғ. д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры. 

З.К. Калиаскарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - г.ғ. к., ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доценті. Әл-Фараби

Ж.Н. Жумаділ, "Шоғырландырылған құрылыс тау-кен компаниясы" ЖШС

магистр, "Шоғырландырылған құрылыс тау-кен компаниясы" ЖШС

Г.К. Кайранбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы. География және табиғатты пайдалану факультеті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

А.М. Жақыпбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы. 

Б.Т. Кожахметов , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы. 

Жүктелулер

Как цитировать

Нүсіпова G., Калиаскарова Z., Жумаділ Z., Кайранбаева G., Жақыпбек A., & Кожахметов B. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАР. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 77(2). https://doi.org/10.26577/JGEM20257724

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география