ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257721
        224 67

Кілттік сөздер:

бақылау, топырақтағы ауыр металдар, қала аумағының топырағы, өзен бассейні

Аннотация

Топырақ – адамзаттың тіршілік ету ортасының баға жетпес ресурстарының бірі. Дегенмен, ғылыми-техникалық төңкерістен кейінгі кезеңдегі даму діңгегінде экономикалық өсімді басымдылық ретінде таңдау топырақтың азуы мен едәуір ластануына әкелді. Ол әртүрлі жолмен ластанады және топырақтың құнарлылығын сақтау мен өнімділікті арттыру мақсатында ластану үдерісін бақылаудың өзектілігі айқын. Топырақтың ластануы кейбір топырақ элементтері мен басқа заттардың мөлшері адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің тіршілік етуі үшін ұсынылған деңгейден асып кеткен кезде пайда болады. Мақалада Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан аграрлы-индустриалды аймақ – Қызылорда облысының топырақ жамылғысына антропогендік әсердің күшеюі нәтижесінде техногендік ластану себептері мен салдары отандық және шетелдік еркін қол жетімді ғылыми әдебиеттерге шолу және талдау жүргізу арқылы жинақталып, сараланған. Сыр өңірі топырақ жамылғысының техногендік сипаттағы негізгі ластаушы көздеріне - радионуклидтер, мұнай және мұнай өнімдері, урбанизацияланған аймақтар және зымыран-тасығыштардың жанармай құрам-бөліктері жататындығы анықталды. Шолу барысында өңірдің биологиялық ресурстарының жай-күйі әлемдік ғылыми қауымдастықтың жіті назарында екендігі көрсетілген. Бұған белгілі бір дәрежеде облыс территориясында орналасқан Арал теңізі мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының жанама әсері болуы мүмкін

Авторлардың биографиясы

Н.С. Сиханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ қауымдастырылған профессоры м.а

Е.А. Шынбергенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» БББ аға оқытушысы

А.Ш. Нұрғабылова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

т.ғ.м., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ лаборанты

Жүктелулер

Как цитировать

Сиханова, Н., Шынбергенов, Е., & Нұрғабылова, А. (2025). ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 77(2). https://doi.org/10.26577/JGEM20257721

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география