СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНА ХАЛЫҚТЫ ҚОНЫСТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕК ФАКТОРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257612Кілттік сөздер:
Солтүстік Қазақстан, қоныстанудың тірек факторы, түйінді элементтер, сызықтық элементтер, орталықтардың ығысу әсеріАннотация
Берілген мақалада көптеген физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық-ұйымдастырушылық факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып келетін Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына халықты қоныстандырудың негізгі тірек факторының кеңістікте ұйымдастырылуын зерттеудің нәтижелері ұсынылады. Түйінді және сызықтық элементтердің жиынтығы бола тұра, негізгі тірек факторының игерілу дәрежесін және оның құрам бөліктерінің өзара әрекеттесуін анық көрсетеді. Сондықтан негізгі тірек факторының зерттеулері қоныстану жүйесін ұйымдастыру мен құрылымын, әртүрлі субъектілері арасындағы өзара байланыстарын үлгілеуде үлкен қызығушылық туғызады.
Зерттеу Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына халықты қоныстандырудың тірек факторы негізгі бөлігінің тиімсіздігі тарихи оқиғалармен дәлелденген Кеңес Одағының құрамындағы аумақты экстенсивті индустриалдық және ауыл шаруашылықтық игеру кезеңдерінде қалыптасқан. Сондықтан аумақты тұрақты дамыту, тиімді ұйымдастыру және әрі қарай игеру үшін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатымен «осал буындарын» анықтаумен аумақтық ерекшеліктерінің негізгі бөлігінің түйінді және сызықтық элементтерінің орналасуындағы заңдылықтарын анықтап, оларды талдау қажет. Осыған байланысты Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалыптасқан тірек факторының конфигурациясын талдау, түйінді және сызықтық элементтердің, О.К. Кудрявцев бойынша орталықтардың ығысу әсерінің көрсеткіштері есептеліп, зерттеу аумағында жоғары аталған параметрлердің кеңістікте таралу заңдылықтарын көрсететін бірқатар тақырыптық карталар құрастырылды.
