Тақырыптық карталардың векторлық картографиялық негізін жаңарту үшін ғарыштық түсірілім деректерін пайдалану (Іле және Жетісу Алтауы таулы аудандарының мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-04Кілттік сөздер:
ГАЖ технологиясы, ЖҚЗ, ғарыштық түсірілімдер, Sentinel 2, Landsat-8, дешифрлеу, ғарыштық түсірімдерді өңдеу, картографиялық негіз.Аннотация
Тақырыптық карталардың картографиялық негізі ретінде пайдаланылатын топографиялық карталар белгілі бір уақыт кезеңіндегі деректер негізінде құрылады, ал зерттелетін аумаққа қолданатын топографиялық негіз 1975-1990 жылдары баспаға шыққандықтан, ол жер бедеріндегі соңғы өзгерістерді визуализациялауға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселені шешудің бір жолы - ағымдағы деректер көздерін пайдалану. Міндет кеңістіктік дәлдігі орта, жоғары және өте жоғары ғарыштық ЖҚЗ деректерін визуалды және автоматтандырылған пайдалану негізінде шешіледі.
Бұл мақаланың мақсаты - Sentinel 2, Landsat-8 ғарыштық түсірілімдерінің мысалында Жерді қашықтықтан зондтау деректерін салыстырмалы талдау, ғарыштық түсірілімдерді өңдеу әдістерін қарастыру және тақырыптық карталардың картографиялық негізінің векторлық қабаттарын жаңартуға қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану.
Зерттелетін аумақтың картографиялық негізін жаңарту үшін векторлық қабаттарды жаңарту мақсатында міндеттерді орындау шеңберінде бол жұмыста Landsat және Sentinel-2 сериясының спутниктерінен және Sentinel-2 сервистерінен, және де Airbus WORLDDEM4ORTHO жердің сандық моделінен алынған дәлдігі орташа ғарыштық түсірілімдердің мұрағаттық және жедел алынған деректері пайдаланылды.
ГАЖ технологиялары мен ЖҚЗ қолдану, ЖҚЗ деректерін жіктеу және салыстырмалы талдау, визуалды және автоматтандырылған дешифрлеу әдістері қолданылды. Sentinel-2 түсірілімдер жинағын өңдеу және бұлттылық пен бұлт көлеңкесін анықтау үшін, Python скриптер жиынтығы құрылды.
ЖҚЗ деректерін пайдалану мен кең аумақтарды және таулы аудандардың қиын жерлерін қамтуға, деректерді жинау мен өңдеу шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде зерттелетін аумақтың жаңартылған картографиялық негіз құрылды. Картографиялық негізді табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандардың өзгеру динамикасы мен тенденциясын талдау кезінде қолдануға болады.