Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысындағы жайылымдық ландшафтарының ландшафттық-типологиялық жіктемесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-06Кілттік сөздер:
жайылымдық ландшафт, өсімдік жамылғысы, жайылымдардың жіктелуі, таксон, жемшөп алқаптары, мал жаю, картаға түсіру, Батыс Қазақстан облысы.Аннотация
Жайылымдық ландшафттардың өсімдік жамылғысының флористикалық құрамы мен динамикасын зерттеу маңызды болып келеді. Жайылымдық ландшафттар мал шаруашылығы саласының дамуының ресурсы болып табылады, оларда қазір шектен тыс және аз мал жаю, флорасының кедейленуі және фитоценоздардың өнімділігінің төмендеуі құбылыстары байқалады. Жайылымдық ландшафттардың өсімдіктер қауымдастығын зерттеу өзекті, өйткені жайылымдық ландшафттардың жай-күйін бағалау және олар үшін жерге орналастыру және мелиорациялық іс-шараларды әзірлеу олардың өнімділігін арттыруға және жалпы ландшафттарды сақтауға ықпал етеді.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары аумағының батыс бөлігінің табиғи жемшөп алқаптары зерттеу нысаны болып келеді. Табиғи жайылымдар мен шабындықтардың қазіргі жағдайы зерттелді, зерттеу нысандарының жайылымдық ландшафттарының ландшафттық-типологиялық жіктемесін жасақталды, геоботаникалық зерттеулердің материалдары талданды.
Жайылымдық ландшафттардың замануи ландшафттық-типологиялық жіктемесі әзірленді, ол жайылымдардың 2 класын (ашық қызғылт және тұздылау сортаң топырақтардағы шөлейт-дала жайылымдары және қызғылт топырақтағы дала жайылымдары), 4 туыс тармағын (жазық-плакорлы, әлсіз еңісті жазықты, сайлы - жыралармен тілімденген әлсіз еңісті жазықты, сайлы - жыралы) және 14 топ жайылымдық ландшафттарды біріктірілді, оларға қысқаша сипаттама берілген. Өсімдіктер қауымдастықтары мен басым топырақ типтерін сипаттай отыра нысандар шенберінде жайылымдық ландшафттардың 14 тобы бөлінді. Далалық және жасанды жер серіктік әдістерімен табиғи жайылымдық ландшафттар зерттелді. Оларды ірі жүнді және етті жүнді қойларға, ірі қара малға, жылқыларға, ақбөкендерге арналған жазғы - күзгі – көктемгі және жылқылар мен ақбөкендер үшін қысқы жайылымдар ретінде пайдалану ұсынылады.