Алматы қорығында сел ағынынан кейінгі орманның табиғи жолмен қалпына келуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-01Кілттік сөздер:
Алматы қорығы, ағаш түрлері, сел ағыны, табиғи жаңарту, салпыншақ қайың (Betula pendula), Талас терегі (Populus talassica).Аннотация
Бұл мақала селден кейінгі табиғи ормандарды қалпына келтіру процесін зерттеуге арналған. Сел орман экожүйелеріне айтарлықтай қауіп төндіреді, орман қауымдастықтарының құрылымы мен құрамында елеулі өзгерістер туғызады. Қалпына келтіру процестері селдің қарқындылығына, жергілікті климаттық жағдайларға және басқа факторларға байланысты әртүрлі уақытты алуы мүмкін. Зерттеудің мақсаты – Алматы қорығы аумағына әсер еткен селден кейін болатын табиғи ормандарды қалпына келтіру процестерін зерттеу. Негізгі міндет – өсімдік жамылғысының динамикасын талдау, селдің орман қауымдастығының құрылымына әсерін бағалау, табиғи қалпына келтіру жағдайларына барынша бейімделген түрлерді анықтау. Орман экожүйелері үшін селдің зардаптарына талдау жүргізілді, фитоценоздың ағаш түрлерінің қалыптасу динамикасының ерекшеліктері және оның құрылымындағы өзгерістер анықталды, орман жамылғысының сәтті қалпына келуіне әсер ететін факторлар бағаланды. Зерттеу нәтижелері табиғи ормандарды қалпына келтіру процестерін тереңірек түсінуге және сел сияқты табиғи апаттардан кейін ормандарды қалпына келтірудің табиғи механизмдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер климаттың өзгеруі және табиғи апаттар жағдайында орман ресурстарын басқару және орман экожүйелерінің тұрақтылығын сақтау үшін тәжірбиелік маңызы бар.