Ақтөбе облысындағы ойконимдердің кеңестік кездегі атауларынан арылуы мен қазіргі өзгеру динамикасын географиялық тұрғыдан бағалау

Авторлар

  • Л.Д. Давид Джон фон Нейман университеті, Кечкемет, Венгрия; Венгрия ауыл шаруашылығы және тіршілік туралы ғылымдар университеті, Гёдёллё, Венгрия; Этвёш Лоранд атындағы университет (ELTE), Сомбатхей, Венгрия https://orcid.org/0000-0001-7880-9860
  • А.Ғ. Абдуллина Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5902-7425
  • А.М. Сергеева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6821-8773

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-03
        104 45

Кілттік сөздер:

топонимия, декоммунизация, десоветизация, урбаноним, Ақтөбе облысы, топонимия, декоммунизация, десоветизация, урбаноним, Ақтөбе облысы

Аннотация

Аймақтық топонимика мәдени мұраның маңызды аспектісі. Посткеңестік елдерде, оның ішінде Қазақстанда декоммунизация деп аталатын кеңестік атаулардан арылу процесі белсенді түрде дамып келеді. Осы процестің аясында географиялық нысандар мен елді мекендердің ескі атаулары қайтарылып, жаңалары қабылданды. Бұл процестің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін маңызы зор. Ақтөбе өңіріндегі ойконимдерге жасалған талдау көрсеткендей, декоммунизация революциялық және кеңестік қайраткерлерге байланысты есімдерге әсер етіп қана қоймай, тарихи оқиғаларға байланысты өзгерістерге де әкелді. Бұл кеңістіктік деректер қорын әзірлеу негізінде жүзеге асырылатын үздіксіз процесс. Жер-су атауларының өзгерістері олардың жиілігі мен әлеуметтік лингвистикалық аспектілері аясында қарастырылатынын атап өткен жөн. Деректерді талдау негізінде Ақтөбе облысындағы жер-су атауларының семантикалық классификациясы жүргізіліп, олардың қарастырылып отырған кезеңдегі өзгерістері зерттелді. Трансформацияның екі маңызды толқыны анықталып, посткеңестік дәуірдегі атауларды өзгерту түрлерінің құрылымы талданды. Топонимдердің едәуір бөлігінің атауы өзгертілгені анықталды, бұл аймақтың мәдени кеңістігінің жаңарғандығын көрсетеді. Атаулардың жаңғыруы, ең алдымен, республика аумағындағы геосаяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты. Ерекше маңызды атаулардың жаңаруы посткеңестік кезеңде, негізінен десоветизация процесіне байланысты болды. Бұрынғы мәдени қабаттардағы өзгерістерді көрсететін ескі топонимдер сығымдалған. Зерттеуде соңғы жылдардағы Ақтөбе өңіріндегі географиялық атаулардың жаңару үдерістері, соның ішінде өңірлердегі ауылдық елді мекен атауларының өзгеруі, атаулардың қайталану жиілігі сияқты мәселелер талданған. Зерттеуде Ақтөбе қаласының ойконимдері мен урбанонимдерінің кеңестік атаулардан арылуы жан-жақты қарастырылған. Бұл бағыттағы зерттеулер студенттердің қатысуымен жүзеге асырылды және декоммунизация-десоветизация процесінің динамикасы мен маңызы туралы толық түсінік берілді. Сауалнамаға «География» білім беру бағдарламасының 76 студенті қатысты. Облыстың қазіргі ономастикалық жағдайы сараланып, студенттермен әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізілді.

Авторлардың биографисы

Л.Д. Давид, Джон фон Нейман университеті, Кечкемет, Венгрия; Венгрия ауыл шаруашылығы және тіршілік туралы ғылымдар университеті, Гёдёллё, Венгрия; Этвёш Лоранд атындағы университет (ELTE), Сомбатхей, Венгрия

PhD, профессор, Джон фон Нейман университеті, Венгрия ауыл шаруашылығы және тіршілік туралы ғылымдар университеті, Этвёш Лоранд атындағы университет (ELTE)

А.Ғ. Абдуллина, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан

PhD (География), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, География және туризм кафедрасының аға оқытушысы

А.М. Сергеева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан

(хат-хабарларға арналған автор) – География ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, География және туризм кафедрасының профессоры

Жүктелулер

Жарияланды

2024-09-23

Как цитировать

Давид L., Абдуллина A., & Сергеева A. (2024). Ақтөбе облысындағы ойконимдердің кеңестік кездегі атауларынан арылуы мен қазіргі өзгеру динамикасын географиялық тұрғыдан бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 74(3), 21–34. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-03

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география