Жамбыл облысының шағын қалаларының әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму мүмкіндіктерін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-08Кілттік сөздер:
Жамбыл облысы, шағын қалалар, тұрақты даму, әлеуметтік-экономикалық бағалау.Аннотация
Шағын қалалардың тұрақты дамуына ерекше жүйе ретінде қол жеткізу, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтаумен және адам өмірі үшін қолайлы орта құрумен тікелей байланысты. Шынында да, шағын қалалардың тұрақты дамуының негізі ретінде қызмет көрсету саласын дамыту, жергілікті ерекшеліктерді тиімді пайдалану және әлеуметтік-экономикалық салаларды әртараптандыру өте маңызды. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты Жамбыл облысының шағын қалаларының әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму мүмкіндіктерін бағалау болып табылады. Зерттеу екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштеріне жүйелі талдау жүргізілді, тұрақты даму динамикасы бағаланды, екінші кезеңде сауалнама жүргізілді және талдау үшін қажетті ақпарат жиналды. Сауалнама Жамбыл облысындағы шағын қалалар мәртебесіне ие Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 521,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 2022 жылмен салыстырғанда 111,1%. Сонымен бірге азық - түлік өндірісі 17,8% - ға, химия өнеркәсібі - 5,5% - ға, мұнай өнімдері-19,6% - ға, дайын металл өнімдері-31,9% - ға, машина жасау-7,7% - ға ұлғайды. Алайда, Жаңатас, Қаратау және Шу шағын қалаларында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 31 пайызы 100-200 мың теңге, ал 28 пайызы 60-100 мың теңге шегінде табыс табатыны белгілі болды. Сонымен қатар, шағын қала тұрғындарының 66% - ы жаңа жұмыс орындарын көбейтуді сұрайды. Осылайша, зерттеу Жамбыл облысының шағын қалаларын орнықты дамытудың әлеуметтік-экономикалық жоспарын жаңғырту қажеттілігін, экономиканы әртараптандыру және қоршаған ортаны пайдалану тиімділігін арттыру қажеттілігін анықтады.