Моноқалалардың инновациялық дамуына әсер етуші факторларды талдау: Жамбыл облысы, Шу қаласы мысалында
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-01Кілттік сөздер:
моноқала, инновациялық даму, әлеуметтік фактор, табиғи фактор, экономикалық фактор, Шу қаласы.Аннотация
Инновациялық даму қалалардың индустриалды, экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін негізгі драйвер болып табылады. Дегенмен, қалалардың инновациялық дамуына әсер ететін факторларды жүйелі талдау және олардың өзара әрекеттесуін зерттеу жұмыстары әлі де тереңдетіліп жүргізілмей келеді. Сондықтан қалалардың инновациялық дамуына әсер етуші факторлар жиынтыған жіктеп, ғылыми талдау жасау инновациялық дамудағы кедергілерді айқындауда және шешу жолдарын ұсынуда маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмысында негізінен сапалық және сандық әдістер қолданылды. Автор(лар) әдебиеттерге шолу нәтижелеріне сүйене отырып, зерттеуді табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторлар қалалық инновациялық дамуды негіздейтін үш маңызды фактор деп есептейді. Таңдалған зерттеу тақырыбы бойынша тиісті ақпаратты жинау үшін 24 респондентпен (оның ішінде 10 қала тұрғындары, 5 өңірлік даму зерттеулері бойынша сарапшылар және 5 мемлекеттік саясат сарапшылары) сұхбат жүргізіліп, қосымша құжаттар талданды. Шу қаласы мысалында моноқалалардың инновациялық дамуындағы факторлардың рөлін бағалаудан Шу қаласының инновациялық дамуын жеделдетенін кейбір әлеуеттер бар болғанымен, жалпылама айтқанда қаланың дамуына кедергі келтіретін шешуге тиісті мәселелердің әлі де көп екенін көреміз. Атап айтар болсақ, біріншіден, қаланың инновациялық дамуында «әкімшілік құрылымдардың», «мемлекеттік басқарудың» және «қызмет көрсету шараларының» рөлі біршама әлсіз. Екіншіден, қалада инфрақұрылым дамымаған және қаланың кеңеюі мен қаланың урбандалу деңгейі нашар. Үшіншіден, қаладағы жасыл энергияны пайдалану, ақпараттандыру, жоғары технологиялық ресурстарды қолдану және технологияларды жалпыластыру жолға қойылмаған. Әсер етуші факторлардың өзара әрекеттесуін талдаудан табиғи факторлар қаланың инновациялық дамуының алғышарттары екендігі, экономикалық факторлар инновациялық дамудың негізі болып табылатыны және әлеуметтік факторлар қаланың инновациялық дамуының кепілдік жүйесі бола алатыны анықталды. Нәтижесінде Шу қаласының инновациялық дамуына әсер ететін факторлардың көпқабатты моделі ұсынылды. Бұл зерттеу өз кезегінде моноқалалардың инновациялық даму саясатын қалыптастыру үшін теориялық қолдау мен практикалық бағыттарды қамтамасыз етеді.