Қазақстанда топырақтың шайылуын анықтаудың әдістемелік мәселелері

Авторлар

  • Е.А. Шынбергенов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу, Ресей https://orcid.org/0000-0001-8412-434X
  • Н.С. Сиханова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1605-4794
  • А.Б. Қарабалаева Астана Халықаралық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6539-2541

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.03
        145 56

Кілттік сөздер:

Су эрозиясы, топырақтың ықтималды шайылуы, топырақтың шайылу факторлары, топырақ эрозиясының қарқындылығы, топырақтың түзілуі, Қазақстанның гумидті аумақтары, RUSLE.

Аннотация

Антропогендік әсердің күшеюі егістіктен топырақтың беткі құнарлы қабатының шайылуы мен тасымалдануының жеделдетуі барысында су және жел эрозиясы үдерістерінің дамуына әкеледі. Нәтижесінде шартты түрде былайша сипатталған құбылыс байқалады: шайылу – тасымалдау – топырақтың төменде жинақталуы. Топырақтың шайылуын есептеу бойынша ғылыми ортада ұсынылған әдістемелерге көлемді шолу және талдау жүзеге асырылды. Еліміз аграрлық-индустриялық даму бағытын ұстанған мемлекет болуы себепті, топырақтың құнарлылығына байланысты белгілі бір тәуекелдерге барады. Бұл тұрғыда топырақтың ықтимал шайылуының мүмкін болатын даму бағытын анықтауға негізделген болжамдық ғылыми зерттеулердің шұғыл қажеттілігі байқалады. Мақалада 1950 жылдары Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның далалық алқаптарында тың игеру барысында эрозиялық процестердің пайда болуы мен даму мәселесі қарастырылған. Жаппай жер жырту су мен жел эрозиясының күрт өсуіне әкелгені көрсетілген. Егістіктердің бір бөлігі құнарлылықтың күрт төмендеуіне байланысты игеруден шығарылды. Эрозиялық модельдерді қолдану негізінде алынған нөсерлі жауынның дамуындағы эрозиялық үдерістердің жылдамдығын бағалау келтірілген. Эрозиялық модельдер бойынша есептеулер нәтижесін тексеру үшін далалық әдістерді қолдану қажеттілігі келтірілген. Топырақтың су және жел эрозиясын бағалаудың далалық және қашықтықтан бақылау әдістері ұсынылады.

Авторлардың биографисы

Е.А. Шынбергенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу, Ресей

(хат-хабар алмасу үшін автор) – PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының аға оқытушысы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің ғылыми тағылымдамашысы

Н.С. Сиханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология кафедрасының аға оқытушысы

А.Б. Қарабалаева, Астана Халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

PhD, Астана Халықаралық университеті жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің аға оқытушысы

Жүктелулер

Жарияланды

2024-03-30

Как цитировать

Шынбергенов, Е., Сиханова, Н., & Қарабалаева, А. (2024). Қазақстанда топырақтың шайылуын анықтаудың әдістемелік мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 72(1), 34–46. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география