Жетпіс жылдық кезеңдегі Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұзданудың өзгеруі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-05Кілттік сөздер:
мұздану, мұздық жүйелер, ғарыштық түсірілімдер, геоақпараттық жүйелер, мұзбасу деградациясының болжамы.Аннотация
Су ресурстарының, әсіресе вегетациялық кезеңдегі тұщы су мен ағынның тапшылығы проблемасы аридтік зоналардың барлық мемлекеттері үшін өзекті. Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда да тұщы судың негізгіжеткізушілерінің бірі таулы өңірлер болып табылады. Тауды мұзбасу деградациясының климатына байланысты тау экожүйелерінде өзгерістер туғызады, адамдардың тіршілік әрекетіне тікелей әсер етеді, гидрологиялық циклдарда, өзендер мен гляциалды көлдердің биогеохимиясында өзгерістер тудырады, су
ресурстарының сапасы мен қолжетімділігіне әсер етеді.
Мақалада Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздану алаңының өзгеруіне жетпіс жылдық мониторинг нәтижелері келтірілген. 1990, 2006, 2014 және 2022 жылдардағы Landsat 5 TM+ және Landsat 8, 9
OLI TIRS сенсорларының жедел ғарыштық түсірілімдеріне сәйкес мұздану жағдайы бағаланды. Мұздық жүйенің деградациясын талдау үшін осы аймақтың алдыңғы каталогтарының -1955, 1974, 1979, 1990, 2008 жж
деректері пайдаланылды. 67 жыл ішінде Іле Алатауының солтүстік беткейінің мұздануы ауданы бойынша 140,4 км2-ге (49% - ға) қысқарды, жылына 2,1 км2-ден немесе өз алаңының 0,72% -. жоғалтты. Бұл аймақтың бұрынғы мұздану зерттеулерімен салыстырғанда деградация қарқыны іс жүзінде өзгерген жоқ. Болжам бойынша, ХХІ ғасырдың
аяғында Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздану, әрине, деградация жағдайларын сақтай отырып жойылуы мүмкін.
Жүктелулер
Жарияланды
2024-06-25
Как цитировать
Северский, И., Муканова, Б., Капица, В., Татькова, М., Кокарев, А., & Шестерова, И. (2024). Жетпіс жылдық кезеңдегі Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұзданудың өзгеруі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 73(2), 59–71. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-05
Шығарылым
Бөлім
Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география