Топырақ шайылуын анықтаудағы жауын-шашын қарқындылық коэффициентінің (r-factor) маңыздылығы (Аққанбұрлық өзен алабы мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-010Кілттік сөздер:
өзені алабы, Rфактор, жауыншашын мөлшері, географиялық ақпараттық жүйе, эрозия үрдісі, интерполяция.Аннотация
Қазіргі уақытта топырақтың шайылуын есептеу, оны оңтайландыру және алдын алу шараларын ұйымдастыру маңызды болып табылады. Топырақтың шайылуы Жер ресурстары мен ұлттық экономикаға айтарлықтай теріс әсерін тигізетін қарқынды тенденциялардың бірі. Топырақ эрозиясы негізгі пайда болуына қарай екіге бөлінеді: жел эрозиясы және су эрозиясы. Су эрозиясының пайда болуына әсер ететін негізгі фактордың бірі жауын-шашынның қарқынды және көп мөлшерде түсуі болып табылады. Ұсынылған жұмыста интерполяция әдісін қолдана отырып, жауын-шашынның қарқындылығын (немесе R коэффициентін) есептеу. Ол үшін ГАЖ технологиялары қолданылып, сәйкесінше алгоритмдер қарастырылды.
Аққанбұрлық өзені алабының шығыстан батысқа қарай ұзындығы 131 км және ені солтүстіктен оңтүстікке қарай 99 км-ді құрайды. Алабтың шығысында аласа таулар, ал батысы жазықта орналасуына байланысты жауын-шашын мөлшері шығыстан батысқа қарай жылжыған сайын азаяды. Нәтижесінде шығыс аймақта орташа мәні 639 мм және батыс аймақта 572 мм құрайды. Ұсақ түйіршікті топырақтар жауын-шашын мен желдің жылдамдығы жоғары аймақтарда топырақ эрозиясына көбірек ұшырайды. Қарқынды эрозия процестері топырақ құнарлылығының төмендеуіне, отырғызу тұқымдары мен жайылымдардың сапасының нашарлауына әкеледі. Мұның бәрі ауылшаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Бұл мақала осы мәселеге назар аударылып және жауын-шашын қарқындылығын (R факторы) анықтау үшін ГАЖ технологиясындағы интерполяция әдісі қолданылған. Зерттеу нәтижелері Аққанбұрлық өзені алабының ауылшаруашылық алқаптарында R-фактордың максималды көрсеткіштері 280-290 шығыс бөлігіне, ал минималды көрсеткіштері 253-260 мәндері аралығында алабтың батыс бөлігіне сәйкес келді.