Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Орталық Тұйықсу мұздығының модельденген және гляциологиялық массалық балансын салыстыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.2Кілттік сөздер:
Орталық Тұйықсу мұздығы, масса балансы, математикалық модель, абляция, аккумуляция, қар жамылғысыАннотация
DMBSim моделін қолдана отырып, Солтүстік Тянь-Шань, Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Орталық Тұйықсу мұздығының, балансын математикалық модельдеу нәтижелері қаралды. 2006-2023 баланстық жылдарындағы өлшенген өлшемдермен қысқы және жылдық масса балансының есептік мәндерін салыстыру жүргізілді. Мәліметтердің негізгі көзі ретінде рейкалық өлшеулерден алынған мұздықтың аккумуляция деректері, абляция және массалық балансы, сондай-ақ шурфтар қолдану арқылы қар өлшеу түсірілімнің деректері пайдаланылды; Тұйықсу метеостанциясынан және жиынтық жауын-шашын өлшегіштерден ауа температурасы мен жауын-шашынды бақылау деректері де қоса пайдаланылды. Модельденген қысқы масса балансының нақты күндерде өлшенген нәтижелермен максималды сәйкессіздігі 2006/07 жылдары байқалды және 0.37 м w.e. (68%) пен орташа 0.17 (29%) құрады. Жылдық масса балансының максималды айырмашылығы, нақты күндер бойынша, 0.34 М w.e.(40%) орташа есеппен алғанда 0.05 (9%) болды. Зерттеу нәтижесіндегі мәліметтер массаның жерүсті балансы мен мұздық ағынының болжамды есептеулерінде пайдаланылуы мүмкін.
