Климаттың өзгеру жағдайында Батыс Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.02
        198 62

Аннотация

Ауыл шаруашылығы - экономиканың климаттың өзгеруiне неғұрлым сезiмтал секторларының бiрi, өйткенi ауыл шаруашылығы өндiрiсi едәуiр дәрежеде ауа райы жағдайларына, әсiресе жылу мен жауын-шашынға тәуелдi.

Халықаралық азық-түлік ұйымының сарапшылары 2030 жылдан кейін планетаның көптеген аймақтарында климаттың өзгеруіне байланысты дақылдардың өнімділігі төмендейді деген қорытындыға келді.

Ауыл шаруашылығы үшін ең үлкен қауіп – температураның жоғарылауы, жауын-шашынның таралу режимінің өзгеруі, теңіз деңгейінің көтерілуі (жағалаудағы ойпаттар үшін) және жиі құрғақшылық пен су тасқыны сияқты климаттың өзгеруінің көріністері, әсіресе апаттарға бейім аймақтарда. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығына әсер етеді, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі барған сайын өткір бола түсуде.

Бұл мақалада климаттың өзгеруі жағдайында Қазақстанның батыс өңіріндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына, ауыл шаруашылығы саласында, атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы салаларында пайдалану ерекшеліктеріне талдау жасалынды, сондай-ақ оларды ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылады. Негізгі назар aуыл шаруашылығын жаңа климаттық жағдайларға бейімдеу және қолда бар жер ресурстарын тиімді пайдалану қажеттілігіне аударылады. Жұмыста осы мәселенің негізгі аспектілері ұсынылған, ықтимал шешімдер талданады және аймақтағы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін ұсыныстар айтылады.

Авторлардың биографисы

A.А. Токбергенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Казақстан

География ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі

К.Б. Зулпыхаров, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Казақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының PhD докторанты, аға оқытушы, Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығының директоры

А. Мирзабаев, Халықаралық күріш ғылыми-зерттеу институты, Лос-Баньос, Филиппин

Халықаралық күріш ғылыми институтының аға ғылыми қызметкері

Д.М. Калиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының докторанты

О.Ж. Таукебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Казақстан

PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы, Инженерлік және жоғары технологиялар кластері бас директорының орынбасары

С.М. Дүйсенбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Казақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы

Жүктелулер

Жарияланды

2024-03-30

Как цитировать

Токбергенова A., Зулпыхаров, К., Мирзабаев, А., Калиева, Д., Таукебаев, О., & Дүйсенбаев, С. (2024). Климаттың өзгеру жағдайында Батыс Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 72(1), 18–33. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.02

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география