Деректер қорын құру үшін Батыс Қазақстан өңірінде антропогендік ықпалдан деградацияға ұшыраған аймақтарының экологиялық жай-күйін сараптау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.08Кілттік сөздер:
Ластану, топырақ, улы заттар, мониторинг, экологияАннотация
Батыс Қазақстан өңірінде химиялық және радиациялық ластанудың қауіпті деңгейндегі экологиялық апатты деп танылған аймақтары мен елді-мекендері бар. Мақсатымыз - Батыс Қазақстан өңірінде өнеркәсіптік қысымынан деградацияға ұшыраған аймақтарының экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізу. Жер ресурстарының сапасын арттыруға, экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты дамуына ықпал ететін болады.
Қабылданатын шаралар өңірдің топырақ құнарлығын сақтауға және оның тұрғындарының әл-ауқатын ұзақ мерзімді негізде қамтамасыз етуге көмектеседі. Салыстырмалы-аналитикалық әдіс барлық топырақ қасиеттерінің өзгеруіне байланысты оның өсімдігі мен фаунасының қалыптасуы және көші-қон ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Топырақтың морфологиялық, химиялық, физикалық және физика-химиялық қасиеттері, сондай-ақ ластанудың ықтимал көздері туралы кешенді мәліметтер базасы құрылды. Топырақтың улы химикаттармен ластануын бағалаудың әдістемелік негіздері жасалуда. Батыс Қазақстан өңірінің топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы бойынша кешенді зерттеулер жүргізілуде. Әзірленуде: ақпараттық мәліметтер базасы және топырақтың улы химикаттармен ластануын бағалаудың әдістемелік негіздері; аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін улы химикаттармен ластанудың алдын алу бойынша ұсыныстар.