Ақтөбе қаласында қалалық ортаны дамытудың көліктік-инфрақұрылымдық жағдайлары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.04Кілттік сөздер:
қоғамдық көлік, көлік жүйесі, қала жолдары, көліктік инфрақұрылым, Ақтөбе қаласы.Аннотация
Қалалық ортаның проблемалары ретінде қалалардың тез өсуі көліктік-инфрақұрылымдық жағдайды дамытуды қажет етеді. Халық пен қоғамдық көліктің өзара іс-қимылын есепке алмай, қалада көлікті ұтымды басқару мүмкін емес. Бұл өзара әрекеттесудің аумақтық ерекшеліктері мен заңдылықтарын білмеу және елемеу қаладағы көліктің дамуын дұрыс жоспарлауды, қаланың көлік-коммуникациялық ортасын және көлік қызметін бағалауды қиындатады. Жол желісі мен көлік инфрақұрылымының жай-күйі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және қала экономикасын дамыту мүмкіндіктерін арттыру үшін маңызды болып саналады.
Мақалада Ақтөбе қаласының көліктік-инфрақұрылымдық жағдайлары талданады. Зерттеудің мақсаты – Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көлік жүйелерінің дамуын саралау және олардың проблемаларын анықтау. Зерттеудің эмпирикалық негізі қала тұрғындарының әлеуметтік сауалнамаларының нәтижелері болды. Сауалнамаға қаланың әр ауданынан 500-дей адам қатысты. Сауалнама жауаптары ұпаймен және пайызбен есептеліп, талдауға пайдаланылды. Тұрақты даму тұрғысынан қазіргі уақытта Ақтөбедегі үлкен проблема – қала бойынша жүру үшін жеке көліктерді пайдаланатын халықтың үлесінің өсуі. Көлік жүйесінің экологияға теріс әсерін төмендету құралдарының бірі қоғамдық көлік жүйесін дамыту және танымал ету. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері азаматтардың жеке автокөліктен бас тартуға және көліктің неғұрлым экологиялық түрлеріне көшуге дайындығының төмен деңгейі туралы айтады. Қала тұрғындарының пікірлері қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің соңғы 2022-2023 жылдары жоғарылағанын көрсетеді. Зерттеу қорытындылары іске асырылып жатқан көлік саясатын жетілдіру кезінде ірі қалалардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде пайдаланылуы мүмкін.