Ақтөбе облысының дала ландшафттарының қалыптасу факторлары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.02
        289 147

Кілттік сөздер:

геожүйе, ландшафт, антропогендік факторлар, табиғи факторлар, дала ландшафттары, ГАЖ, ландшафт картасы.

Аннотация

Мақала Ақтөбе облысының дала ландшафты құрылымының аймақтық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Зерттелетін аумақты кешенді талдау үшін ГАЖ технологиясын қолдана отырып, аймақтық деңгейдегі мамандандырылған ландшафттық геоақпараттық жүйе құрылды. Кеңістіктік мәліметтер базасы жыл сайынғы антропогендік әсерге ұшырайтын зерттелетін аумақтың табиғи ортасының компоненттерінің сипаттамалары негізінде жасалды. Аумақты ландшафттық талдау мақсатында біз ArcGis10.4. 1 бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде ГАЖ жалпылаудың аймақтық деңгейінің мамандандырылған ландшафттық геоақпараттық жүйесін құрдық. Мұндай ГАЖ жүйесі арқылы біз деректерді жинауды, жүйелеуді, сақтауды, өңдеуді, бағалауды, картаға түсіруді және таратуды жүзеге асыра алатын және оның негізінде кеңістіктік-уақыттық құбылыстар туралы жаңа ақпарат пен білім алу құралы ретінде әрекет ететін интерактивті жүйе ретінде түсінеміз. Зерттеу бірнеше кезеңнен тұрады: талдамалық деректерді жинақтау, ArcGis қабаттарын қабаттастыру құралдарын пайдалана отырып, ландшафттық картаны жасау, мұнда қабаттар ландшафттық құрылымды құрамдас түрде сипаттайды, сондай-ақ Ақтөбе облысының рельефінің цифрлық моделін жасау үшін SRTM ғарыштық суреттері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері Ақтөбе облысының дала ландшафттарын картаға түсіру аумақтың экологиялық жағдайын зерттеуге, сондай-ақ зерттелетін аумақтың құрылымын бағалауға негіз болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29

Как цитировать

Берденов Z. ., Вендт J. A. ., R.Z., & Озгелдинова Z. (2023). Ақтөбе облысының дала ландшафттарының қалыптасу факторлары. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 71(4). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география