Трансшекаралық Сырдария өзені алабындағы Орталық Азия елдерінің су қатынастары мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.08
        146 134

Кілттік сөздер:

су тапшылығы, трансшекаралық алап, су қатынастары, су бөлісу, Орталық Азия, Сырдария өзені.

Аннотация

Мақалада трансшекаралық өзен алаптарында су ресурстарын бірлесіп пайдалану, басқару, қорғау және бөлу мәселелері ашылады. Орталық Азия елдерінің су мәселелерін шешу тәсілдеріндегі қайшылықтары олардың орналасуының географиялық ерекшеліктеріне және аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты қарастырылды. Трансшекаралық Сырдария өзенінің мысалында қол қойылған үкіметаралық келісімдерге және су бөлу механизміне, су бөлу бойынша Мемлекетаралық міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізілді.

1992 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде Сырдария өзені бойынша Қазақстан аумағына нақты ағынды жыл сайын белгіленген лимиттен жоғары болғаны көрсетілген, алайда вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су қажет болған кезде келетін ағынды үлесі жылдық көлемнің үштен бір бөлігін ғана құрады, бұл әділ су бөлу критерийіне сәйкес келмейді. Сол кезеңде мемлекетаралық каналдар арқылы су беру келісілген лимиттен тұрақты төмен болды, яғни су бөлу жағдайы сақталмады. Бұл ретте, өзеннің орта ағысында, Өзбекстан аумағында Сырдария өзенінің арнасына коллекторлық-кәріздік сулардың үлкен көлемі тасталатындықтан келетін ағындының минералдану деңгейі жоғары болып табылады.

Өңірде қалыптасқан су-энергетикалық кешен мәселелерін шешу бойынша кейбір ұсыныстар берілді.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29

Как цитировать

Алимкулов, С., Турсунова, А., Жиенбаев, М., Загидуллина, А., & Сапарова, А. (2023). Трансшекаралық Сырдария өзені алабындағы Орталық Азия елдерінің су қатынастары мәселесі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 71(4). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.08

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология