Тентек өзені аңғарындағы сырғыма үрдістерінің түзілуі мен жағдайлары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.01
        221 154

Кілттік сөздер:

Сырғыма, сырғыма қабырғасы, сырғыма денесі, лесс, морена, бентонит, монтмориллонит, көшкін жазықтығы, сырғанау беті.

Аннотация

Қалың ысырынды мореналы шөгінділердің бетіндегі лессті, бентонитті монтмориллонит сазды жыныстардың су сіңгенде тартылыс күштерінің әсерінен жылжуынан түзілетін елдімекендерге, жол құрылысына қауіп төндіретін үрдістердің бірі сырғымалар. Олардың басым бөлігі Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Іле, Күңгей Алатауыларының тау аралық ойыстары мен ірі өзен аңғарларында кең таралған.

Мақалада Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Тентек өзені аңғарының беткейлеріндегі лессті, бентонитті сазды жыныстар таралған аумақтарда гравитациялық күштерінің әсерінен пайда болатын сырғыма үрдісінің түзілу жағдайлары мен олардың адам өміріне, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарға тигізетін қауіп-қатері және олармен күрес шаралары қарастырылған.

Тақырыптың мазмұнын ашу, сонымен қатар, сырғыма үрдісінің жүруіне әсер ететін бентонитті-монтмориллонитті сазды шөгінділердің қозғалу себептерін анықтау  үшін 2022-2023 жылы Шет Тентек, Орта Тентек, Төменгі Тентек өзендері аңғарына үш рет экспедициялық зерттеу ұйымдастырылды.

Автордың биографиясы

Қ.М. Баймырзаев, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан



Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29

Как цитировать

Баймырзаев, Қ., Керімбай , Б., & Керімбай , Н. . (2023). Тентек өзені аңғарындағы сырғыма үрдістерінің түзілуі мен жағдайлары. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 71(4). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.01

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география