Табиғи ортаның ғаламдық өзгерістері жағдайындағы физикалық-географиялық зерттеулердің маңыздылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-03Кілттік сөздер:
табиғи аумақтық кешен, далалық зерттеу әдістері, түйінді зерттеу телімдері, сандық геотехнологиялар.Аннотация
Мақала «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдардың» физикалық-география бағытының іргелі зерттеу әдістері болып табылатын далалық кешенді зерттеу әдістеріне шолу болып табылады. Табиғи аумақтық кешендерді маршрут бойымен «Түйінді зерттеу телімдері» әдісін қолданып компоненттік зерттеп, сипаттамасын жасау, ландшафттық кескін құру, Ventusky және EOS сандық платформаларын қолданып кеңістіктік-уақыттық аналитика негізінде талдау, мәліметтер базасын құру авторлардың Алматы облысында орналасқан Шарын өзені алабының геожүйелерін көпжылдық далалық және қазіргі заманғы сандық геотехнологиялық әдістерді біртұтас қамтып зерттеу нәтижесінің негізінде берілген. Зерттеудің әдіснамалық принциптері мен тәсілдері, далалық зерттеу кезеңі, камералдық өңдеу ұғымдарына талдау жасалған. Бұл сұрақтар табиғи аумақтық кешендердің құрылымы, дамуы, функционалдық динамикасы мен өзгергіштігі жөніндегі жалпы теориялық білімді іс-тәжірибелік бекіту. Табиғи ортаның ғаламдық өзгерістерінің аймақтарға әсері жағдайында, физикалық-географиялық зерттеулердің ғылыми және қолданбалы-практикалық өзектілігі артады. Далалық зерттеулердің қазіргі заманғы қолданбалы маңыздылығы, табиғи аумақтық кешендердің, оның ішінде адам аяғы жетуге қиын геожүйелердің құрылымын, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін және динамикасын сандық геотехнологиялардың мүмкіншіліктерін қолданып зерттеу екендігі, нәтиженің жоғары дәлдігіне мүмкіндік беретін тиімділігі тұжырымдалған.