Асса-Талас өзенінің су жинау алабындағы климаттың кеңістік-уақыттық өзгерлігі және оның аймақтағы көріністері

Авторлар

  • Мұстафаев Жұмахан Сүлейменұлы ҚР ҒЖБМ «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-2425-8148
  • А.Т. Козыкеева Қазақ ұлттық Аграрлық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-0581-0881
  • К.Б. Абдешев Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати, Тараз, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-5326-1154
  • Н.А. Турсынбаев НАО «Казахский агротехнический университет имени С. Сайфуллина», г. Астана, Казахстан https://orcid.org/0000-0001-5436-5708

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-05
        90 35

Кілттік сөздер:

климат, бағдарлама, өзгеру, ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын, сызықтық тренд, өсу қарқыны, моделі, заңдылық.

Аннотация

Асса-Талас өзенінің су жинау алабындағы климаттың өзгеру бағыты және оның аймақтағы көріністерін уақыт-кеңістік масштабында  бағдаралау мақсатында «Қазгидромет» және «Қырғызгидромет» РМӨ-нің, Бүлікәлемдік Метеорологиялық Ұжымның (БМҰ) және «Ауа-райы және климат» анықтамалық-ақпараттық порталдың көпжылдық ақпараттық-талдау мәліметтерінің негізінде, зерттеу қоры құрылған. Асса-Талас өзенінің су жинау алабының аймағында орналасқан Сусамыр, Талас, Қызыл-Адыр, Нұрлыкент, Тараз, Саудакент және Ойық метеорологиялық бекеттер бойынша құрылған зерттеу қорының негізінде,   стандартық цифрлық технологияларды қолдану бағдарламаларының  пакеттеріне негізделген математиикалық статистиканың классикалық және заманауи әдістерін пайдалану арқылы, орташа жылдық ауа температурасы және жылдық атмосфералық жауын-шашынның уақытша қатарының сызбалық сұлбасы тұрғызылған және жоғары дәрежедегі физикалық және математикалық мағанаға ие,  табиғи заңдылықтарға негізделіп құрылған сызықтық трендтердің теңдеулердің негізінде, климаттық және гидрологиялық көрсеткіштердің өсу қарқынының математикалық моделі құрылды. Асса-Талас өзенінің су жинау алабының аймағындағы климаттық көрсеткіштердің өсу қақынынына жүргізілген талдау көрсеткендей, қарастырылып отырылған барлықметеорологиялық бекеттерде, олардың сандық мәні бірдей емес, яғни қазіргі кездегі орташа жылдық ауа температурасы өсу қарқыны,  жылдық атмосфералық жауын-шашынның өсу қарқынымен салыстырғанда екі есе жоғары болғандықтан, ол ХХ ғасырдың ортасымен салыстырғанда, аймақтың су ресурстарымен қамтамасыз ету дәрежесіне әсер ететін. табиғи және мәдени ауылшаруашылық егістік жерлердің жетіспейтін суды тұтыну шамасын 25% өсуіне  және жер беті гидрологиялық ағындардың шамасын 15 % төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Авторлардың биографисы

Мұстафаев Жұмахан Сүлейменұлы, ҚР ҒЖБМ «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Қазақстан, Алматы қ.

(хат-хабарларға арналған автор) - Т.ғ.д., профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ ландшафттану және табиғатты қорғау мәселелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері

А.Т. Козыкеева, Қазақ ұлттық Аграрлық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Т.ғ.д., Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының доценті

К.Б. Абдешев, Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати, Тараз, Казахстан

PhD, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі

Н.А. Турсынбаев, НАО «Казахский агротехнический университет имени С. Сайфуллина», г. Астана, Казахстан

PhD, «С.Сайфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ жерге орналастыру кафедрасының доценті

Жүктелулер

Жарияланды

2024-09-23

Как цитировать

Мустафаев Z., Козыкеева A., Абдешев K., & Турсынбаев N. (2024). Асса-Талас өзенінің су жинау алабындағы климаттың кеңістік-уақыттық өзгерлігі және оның аймақтағы көріністері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 74(3), 52–62. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-05

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология