Солтүстік Қазақстандағы астық өнімділігіне метеорологиялық жағдайлардың әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.02
        156 185

Кілттік сөздер:

геосаясат, Орталық Азия елдері, мүдделер тоғысуы, экономикалық интеграция, саяси тұрақсыздық.

Аннотация

Мақалада Қазақстан және Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің бүгінгі геосаяси жағдайы қарастырылады. Ашығын айтқанда, саяси, экономикалық және тарихи-географиялық жағдайлары талқыланады. Мақалада  Орта Азияда қоныстанған елдерінің қазіргі күндегі геосаяси жағдайының ерекшелігіне сондай-ақ әлеуметтік- экономикалық даму мәселелеріне ықпал жасайтын мемлекеттер туралы айтылады. Бұл ірі елдердің сыртқы саясатының ұстанымдарын сол мемлекеттердің ресми басылымдарында жарық көрген ғылыми әдебиеттер мен саяси көзқарастар негізінде мысалы, ағылшын, қытай, орыс және түрік тілдері бойынша өзара салыстыру тұрғысынан зертелді. Сондай-ақ бұл мақалада Орта Азияда қоныстанған  елдердің мемлекет ретінде қалыптасу тарихы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, даму болашағы жан-жақты көрсетіледі. Осы арқылы аймақтағы елдердің қазіргі дүниежүзі бойынша ықпалды мемлекеттердің көп жақтылы саяси-әскери,  экономикалық және мәдени мүдделері тоғысқан өңір екендігіне көз жеткізуге болады. Себебі, мақала тек отандық немесе аймақтағы өзге түркі тілдес елдердің ғылыми ортасының ұстанымы тұрғысынан емес, кең, ауқымды  әлемдік кеңістіктің ғылыми көзқарасымен сәйкес қарастыруды мақсат етті.

Мақаланың теориялық негізіне шетелдік және отандық ғалымдар мен саясаткерлердің халықаралық қатынастар, саяси және экономикалық интеграция, сауда, инвестиция, сыртқы саясат саласындағы зерттеулері алынды. Мақсаты мен міндетін ашу үшін тарихи-географиялық, мұрағаттық, баяндау, статистикалық және салыстырмалы талдау, индукциялық және дедуктивтік әдістер қолданылды.

Қорыта айтқанда, Орталық Азия өңіріндегі әлемдік деңгейдегі ірі елдердің мүдделерінің ұзақ уақыттан бері алма-кезек үстем түсіп отырғаны тарихи тұрғыда ашып көрсетілуі болып табылады. Бұл алпауыт мемлекеттердің бұл өңірге деген қызығушылықтарының тарихының тым ертеден басталғанын көрсетеді. Сондықтан бұл ірі елдердің осы өңірдегі мемлекеттер туралы зерттеулері бұрыннан бар және уақыт өткен сайын жалғасып келеді. Әрбір ел өзінің мүддесін жақтап ғылыми зерттеулер жасайды және өз мүддесіне сай келетін ақпараттармен бөлісіп отыр. Сондықтан әр түрлі елдердің ұстанымдары мен көзқарастарын сол елдің тілінде жарық көрген ғылыми әдебиеттермен байланыстырып зерттеудің маңызы зор. Бұл мақаланың өзіндік ерекшелігі болып табылады.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-20

Как цитировать

Сарқытқан, Қ., & Дунбаева, З. (2023). Солтүстік Қазақстандағы астық өнімділігіне метеорологиялық жағдайлардың әсері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 70(3). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.02

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география