Өнеркәсіптік аймақ атмосферасының өзін-өзі тазалу әлеуетіне метеорологиялық-климаттық жағдайлардың әсерін талдау

Авторлар

  • С.О. Кожагулов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ, 050040, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0005-4428-5129
  • В.Г. Сальников Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ, 050040, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3392-4587

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-06
        85 40

Кілттік сөздер:

атмосфераның ластануы, климаттың өзгеруі, атмосфераның шашырату қабілетінің климаттық әлеуеті, атмосфераның өзін-өзі тазарту коэффициенті, аридизаттау, қорғасын-мырыш кеніші

Аннотация

Негізгі климаттық көрсеткіштердің кеңістіктік-уақыттық өзгерістері және олардың 1941-2020жж. кезеңіндегі қорғасын-мырыш кеніші ауданындағы атмосфераның өзін-өзі тазарту әлеуетіне әсері мақалада қаралады. Ауа температурасының зерттеу ұзақ мерзімді тенденциялардың болуын көрсетті.Ауаның орташа айлық температурасы әр 10 жыл сайын 0,19-дан 0,34 °С-қа дейін жылыну жылдамдығымен көтерілетіні анықталды. Сонымен қатар, температураның ең үлкен өсуі қыста, ал ең азы жазда болады. Аномальды ауа температурасы өрісі зерттелетін аумақта қыста да, жазда да үлкен болатыны көрсетілген.Атмосфераның шашырату қабілеттілігінің климаттық әлеуетінің және өзін-өзі тазарту коэффициентінің кеңістіктік-уақыттық өзгермелілігінің деректері алынған. Бүкіл жылдық цикл бойы атмосфералық ауада ластаушы бөлшектердің дисперсиясы үшін қолайсыз жағдайлардың және көбінесе суық мезгілдерде болатыны анықталды. Алынған нәтижелер атмосфераның ластануының таралуы болдырмайтын табиғи және антропогендік атмосфералық процестердің көріністерін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулер практикалық қолдану үшін маңызды. Себебі атмосфералық ауаның шашрау әлеуетінің кеңістіктік және уақыттық өзгермелілігі туралы мәліметтерді өнеркәсіптік аймақта ауаның сапасын басқару шараларын жүзеге асыру кезінде алдын ала бағалау қажет.

Авторлардың биографисы

С.О. Кожагулов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ, 050040, Алматы, Қазақстан

(хат-хабарларға арналған автор) - ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасының докторанты. әл-Фараби

В.Г. Сальников, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ, 050040, Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының профессоры, география ғылымдарының докторы

Жүктелулер

Как цитировать

Кожагулов, С., & Сальников, В. (2024). Өнеркәсіптік аймақ атмосферасының өзін-өзі тазалу әлеуетіне метеорологиялық-климаттық жағдайлардың әсерін талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 74(3), 63–80. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-06

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология