Бұқтырма су қоймасының бүйір салалары өзендерінің ағындысын HBV моделін қолдана отырып модельдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.08Кілттік сөздер:
өзен ағындысы, калибрлеу параметрлері, модельді тексеру, Ертіс су шаруашылығы алабы, сандық жер бедері үлгісі.Аннотация
Мақалада Бұқтырма су қоймасына құятын Бұқтырма, Үлкен Бөкен, Нарын, Күршім, Тұрғысын, Қалжыр тау өзендері үшін HBV-light моделін қолдану нәтижелері берілген. Зерттеу жұмысында қарастырылып отырған өзендердің су жинау алабы 758 – 12423 км2 құрайды. 1978-2017 жылдар аралығында GAP optimization алгоритмін қолдана отырып, модель параметрлерін калибрлеу жүргізілді. Нұсқаулыққа сәйкес калибрлеу кезеңі, гидрологиялық бекеттер тиісінше 2012 және 2007 жылдары ашылған Тұрғысын және Қалжыр өзендерін қоспағанда, 5 жылды құрады. Ағындыны модельдеу үшін кіріс гидрологиялық және метеорологиялық деректері ретінде "Қазгидромет" РМК бақылау желісінің деректері пайдаланылды. Метеорологиялық станциялардың сирек желісіне байланысты, Тұрғысын, Күршім, Үлкен Бөкен, Нарын өзендерінің алаптарынде метеорологилық станцияның болмауымен, аталған өзендердің су алаптары аумағында орналаспаған станциялардың деректері пайдаланылды. Модельді калибрлеу нәтижесінде әр өзен үшін оңтайлы параметрлер алынды. Модельдің тиімділігін бағалау үшін бірнеше кеңінен қолданылатын критерийлер: NSE, PBIAS, RSR және R2 есептелді. Осы критерийлерді есептеу нәтижелері "өте жақсы" және "жақсы" өнімділік рейтингіне сәйкес келгендігі анықталды, яғни NSE 0,84 – 0,92, RSR 0,32 – 0,45 аралығында, PBIAS 14,3 %-дан +18,2 %-ға дейін өзгерді. Модельдеу нәтижелеріне сәйкес, қарастырылып отырған барлық өзендердің моделі көктемгі су тасқынының басталу күндерін, кезеңнің ұзақтығын және осы кезеңдегі судың максималды өтімін жақсы үлгілейтіндігі анықталды. Метеорологиялық станциялардың сирек желісін және кейбір өзенде шаруашылық әрекеттердің орын алуын ескере отырып, Қазақстанның таулы өзендері ағындысын калибрлеу кезеңінде HBV-light моделі өзен ағындысын модельдеудің жақсы нәтижелерін көрсетті. Сондай-ақ, жұмыста 2018-2020 жылдар үшін модельді тәуелсіз кезеңде тексеру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде Бұқтырма және Үлкен Бөкен өзендерінің алаптары үшін тиімділік критерийлерінің көрсеткіштері бойынша «өте жақсы», ал қалған 4 өзен алабы үшін «қанағаттанарлықсыз» нәтижеге сәйкес болды, бұл өзен алаптарының ағынындағы шаруашылық қызметтің салдары үлкен екендігін көрсетті.