Арал - Сырдария алабы өзендері ағындысының жыл сайынғы ресурстарын бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.07Кілттік сөздер:
өзен ағындысының ресурстары, Арал-Сырдария су шаруашылық алабы, республика шегінде қалыптасатын су ресурстары, сырттан келіп түсетін ағынды, статистикалық сипаттамалар, тең қамтамасыздық мәндер әдісі.Аннотация
Жұмыс Арал - Сырдария су шаруашылығы алабы өзендері ағындысының жыл сайынғы ресурстарын бағалауға арналған. Өзен ағындысының жылдық су ресурстарын бағалау, бақыланған және шартты-табиғи ағынды деректері негізінде жүргізілді. Жергілікті ағын мен көрші елдерден келіп түсетін ағындардың мәндері жеке-жеке қарастырылды. Зерттелген аумақтың жергілікті ағынының ресурстарын бағалау тең қамтамасыздықтандырылған мәндер әдісімен жүргізілді. Ол үшін тірек бекеттерінің бақылау қатарларын қайта тұрғызу бойынша жұмыстар орындалды және таңдалған 1932 - 2019 жж. есептік кезең негізінде жылдық ағындының статистикалық сипаттамалары анықталды (ағын көлемінің орташа көпжылдық мәні, вариация және асимметрия коэффициенттері). Бағалау нәтижелері бойынша Арал-Сырдария су шаруашылығы алабының 1932 - 2019 жж. дейінгі көп жылдық кезеңдегі өзен ағындысының жиынтық ресурстары орта есеппен 21,5 км3 құрайды, оның ішінде: Қазақстан шегінде қалыптасатын ресурстар - 3,22 км3, сырттан келетін ресурстар – 18,2 км3. Табиғи ағындыға қарқынды ықпал байқалған кезеңде алап шегінде қалыптасатын ағынды мөлшері шартты – табиғи кезеңге қарағанда 4,66 %, сырттан келіп түсетін ағынды 4,98 %, ал жиынтық су ресурстары 4,92 % азайған.