ГАЖ технологиясын және жерді қашықтықтан зондтаудың аралық деректерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ұзақ мерзімді есепке алу алгоритмін әзірлеу

Авторлар

  • Н.Т. Шогелова Халықаралық білім беру корпорациясы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5220-1459
  • С.А. Сартин Қазақстан, Алматы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5637-3311
  • Н.М. Смаилов Қазақстан, Алматы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл, Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-0191-9504
  • Ж.З. Толеубекова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6196-4821
  • А.В. Первиков РҒА СБ қаттылық және материалтану физикасы институты, Томск, Ресей https://orcid.org/0000-0001-7593-0710

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.05
        95 37

Кілттік сөздер:

ауыспалы егіс, геоақпараттық технологиялар, Google Earth, ЖҚЗ, ауыл шаруашылығы өндірісін оңтайландыру.

Аннотация

Геоақпараттық жүйелерге негізделген ауылшаруашылық жерлерін басқару алгоритмдерін әзірлеу дәл егіншілік саласындағы перспективалы бағыттарлың бірі болып табылады. ГАЖ қолдану жер учаскелері туралы геокеңістіктік деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз етеді және бұл аграрлық қызметті дәлірек және тиімді жоспарлауды жеңілдетеді. Бұл әдіс аграрлық сектордың тиімділігі мен тұрақтылығын жақсартуға, соның ішінде ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту арқылы, сондай-ақ өнімділікті арттыруға және агроөнімдердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Осы мақала заманауи геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін жоспарлы орналастыру әдіснамасын әзірлеуге арналған. Мақалада ауыспалы егісті ұйымдастыруға және ауылшаруашылық жерлерін тиімді басқаруға қажетті негізгі кезеңдер мен алгоритмдер келтірілген. Google Earth платформасын және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, авторлар жер учаскесіне талдау жасайды, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды, ауыспалы егіс схемасын әзірлейді, дақылдарды таңдайды. Мақала ауылшаруашылық алқаптарының шекараларын бөлудің, оларды каталогтаудың және ауыспалы егіс кезеңін бағалаудың нақты алгоритмін ұсынады. Зерттеу нәтижелері Жер ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Мақалада ұсынылған әдістеме ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін маңызды практикалық мәнге ие және оны ауылшаруашылық жерлерін басқаруды жақсарту үшін пайдалануға болады.

Авторлардың биографисы

Н.Т. Шогелова, Халықаралық білім беру корпорациясы, Алматы, Қазақстан

(хат-хабар алмасу үшін автор) – Техника ғылымдарының магистрі, Халықаралық білім беру корпорациясының ҚТГМФ-нің докторанты

С.А. Сартин, Қазақстан, Алматы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл, Қазақстан

Физика-математика ғылымдары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің физика кафедрасының доценті

Н.М. Смаилов, Қазақстан, Алматы, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Петропавл, Қазақстан

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің физика кафедрасының магистранты

Ж.З. Толеубекова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Техника ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің жерге орналастыру және геодезия кафедрасының доценті

А.В. Первиков, РҒА СБ қаттылық және материалтану физикасы институты, Томск, Ресей

Техника ғылымдарының кандидаты, РҒА СБ-нің Беріктік физикасы және материалтану институтының профессоры

Жүктелулер

Жарияланды

2024-03-30

Как цитировать

Шогелова, Н., Сартин, С., Смаилов, Н., Толеубекова, Ж., & Первиков, А. (2024). ГАЖ технологиясын және жерді қашықтықтан зондтаудың аралық деректерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ұзақ мерзімді есепке алу алгоритмін әзірлеу. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 72(1), 61–72. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.05

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика