Климаттың өзгеру жағдайындағы Арыс өзені алсаңындағы қар жамылғысының динамикасы

Авторлар

  • Н.В. Пиманкина «ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орта Азия аймақтық гляциологиялық орталығы» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0416-1990
  • Ж.Д. Такибаев «ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орта Азия аймақтық гляциологиялық орталығы» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-2180-418X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.06
        132 98

Кілттік сөздер:

Арыс өзенінің бассейні, ауа температурасы, жауын - шашын, қар жамылғысы, қардың түсу уақыты, ГАЖ карталар.

Аннотация

Мақалада Сырдария өзенінің оң саласы – Арыс өзені бассейніндегі ауа температурасының, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының биіктігінің өзгеруін бағалау нәтижелері келтірілген. Жаһандық жылыну жағдайында таулы аймақтарда айтарлықтай өзгерістер орын алуда, қар, мұздықтар және мәңгі мұзбен байланысты қауіпті құбылыстардың қаупі артып келеді. Арыс өзені бассейнінің жоғарғы ағысында еріген қар-жаңбырлы су тасқыны орын алады. Таулардың криосфералық жағдайына әсер ететін Климаттық факторларды зерттеу қажет. Қазгидрометтің метеорологиялық станциялардағы жер үсті бақылауларының деректері негізінде және жауын-шашын мөлшерін өлшегіштер мен таулардағы маршруттық қар түсірілімдерінің деректері бойынша 1960-2023 жылдардағы қысқы кезең сипаттамаларының өзгерістері көрсетілген. Қараша-наурыз айларында жауын-шашын мөлшерінің шамалы өсуі байқалады. Маршруттық қар түсіру деректері бойынша максималды қардың орташа биіктігі 5-20 см-ге өсті. Соңғы 30 жылда қар қоры 1960-1990 жылдар кезеңімен салыстырғанда өлшеу пункттерінде 80-100% өскен. Тұрақты қар жамылғысының жату мерзімдерінде  қардың сәл ертерек орнығуы және еруі байқалған. Талдау нәтижелері екі отыз жылдық кезеңдегі орташа метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруін анықтады.

Автордың биографиясы

Ж.Д. Такибаев, «ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орта Азия аймақтық гляциологиялық орталығы» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан

Junior researcher

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-20

Как цитировать

Пиманкина, Н. ., & Такибаев, Ж. (2023). Климаттың өзгеру жағдайындағы Арыс өзені алсаңындағы қар жамылғысының динамикасы. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 70(3). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.06

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология