ГАЖ технологиясын қолдана отырып, Аралтөбе үш аралының өсімдік жамылғысын бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.06Кілттік сөздер:
Алакөл, Аралтөбе, өсімдік жамылғысы, флораны түгендеу, ГАЖ, өсімдік картасы.Аннотация
Мақала Аралтөбе үш аралының флорасын далалық жұмыстар кезінде түгендеп, өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайын талдауға және алынған нәтижені ГАЖ технологиясының көмегімен бағалауға арналған.
1968 жылы реликті шағаланың алғашқы бірегей колониясының ашылуынан кейін, қорықты құрудың негізі болған Алакөл көлінің үш аралына да соңғы жылдары ерекше назар аударылып, аумақты қорғау бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілгенмен де, аралдардың өсімдік жамылғысын зерттеу назардан тыс қалып отырды. Қазіргі таңда Аралтөбе аралдары туристерді қатты тартатын жер болып отырғандықтан, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесін қорғау жұмыстары өте маңызды болып тұр.
Жүргізілген жұмыстың мақсаты өсімдік жамылғысының жағдайы туралы объективті, толыққанды деректер алу, түгендеу, талдау жасау және ГАЖ технологиясын қолдана отырып, Аралтөбе аралдарының өсімдіктер картасын құру болды.
Осыған орай, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта авторлармен Аралтөбенің үш аралының флорасын далалық жұмыстар кезінде, маршруттық-барлау әдісінің негізінде зерттей отырып, алғаш рет оларды түгендеу жұмыстары жүргізілді. Барлық бақылаулар жыл сайын, бағаланатын өсімдік түрінің гүлдену кезеңі мен жеміс беру кезінде жүргізілді.
Өсімдіктерді бақылау үшін екі алаң таңдап алынды, гербарий жиналып, сипаттама жасалды. Осы зерттеулерге байланысты, қорық үшін өсімдіктердің жаңа түрлері тіркелді. Нәтижесінде, ГАЖ көмегімен Аралтөбенің өсімдік картасы жасалды.