Радиолокациялық поляриметрия әдісін қолдана отырып, қар жамылғысының сипаттамаларын есептеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.07
        185 89

Кілттік сөздер:

оптикалық және радиолокациялық кескіндер, поляризация комбинациясы, қар жамылғысының қалыңдығы

Аннотация

Көктемде қар еруінде және онымен бірге қардың суға айналуы кезінде температураның төмендеуінің рөлі үлкен. Қар еру процесі бірнеше аптаға созылады. Күрделі жылыну кезінде қардың тез еруі мол су тасқынына әкелуі мүмкін. Қазақстанда соңғы онжылдықтарда су тасқыны республикалық маңызы бар зиян келтіріп, ауқымды болып саналады. Қар жамылғысының параметрлері мен сипаттамаларын білу, сондай-ақ су тасқынының өтуін болжау және модельдеу ауқымды апаттардың алдын алу үшін өте маңызды. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану, атап айтқанда, көп жылдар бойы қар жамылғысын зерттеу су тасқынының өтуінің дәлдігін бағалауға мүмкіндік берді. Қазақстанда соңғы онжылдықта ауа температурасы орта есеппен 1-4 С-ға көтерілді. Осыған байланысты Орталық және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты су тасқынының өтуі байқалды. Су тасқынының өтуін модельдеудің маңызды факторы мұздатылған топырақтың суды сіңіру (инфильтрация) факторы болып табылады. Мұздатылған топырақ туралы мәліметтерді талдау негізінен жердегі және далалық, сондай-ақ зертханалық зерттеулермен жүзеге асырылады. Бұл мақала қар жамылғысының тығыздалу аймақтарын және топырақ үстіндегі мұздың пайда болуын анықтау үшін оптикалық және радиолокациялық ғарыштық түсірілімдерді ретроспективті талдауға арналған. Көктемдегі оптикалық суреттерге сәйкес, қардын еріп мұзданған жерлерін болжамды сипаттамасы бар аймақтар таңдалды. Әрі қарай Sentinel 2 ғарыш аппаратының VH-VV, VV-VH, VV, HH поляризациясының әртүрлі комбинациялары осы аймақтарға радарлық түсірілімдер жүктелді, ол үшін түсірілімнің қараңғы және жарық аймақтарындағы сигнал дисплейінің регрессияға тәуелділігіне талдау жүргізілді. Жұмыста жүргізілген талдау дисперсияның әр түрлі аймақтарын көрсетеді, мұндағы композициядағы қар мен мұз құрамының айырмашылығы бар. Бірақ бұл әдіс топырақтың қату тереңдігін талдауға мүмкіндік бермейді.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-20

Как цитировать

Рахимжанов, Б. ., & Тулеукулова, Д. . (2023). Радиолокациялық поляриметрия әдісін қолдана отырып, қар жамылғысының сипаттамаларын есептеу. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 70(3). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.07

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология