Алматы облысының Қарасай ауданында қашықтықтан зондтауды уақытша радиолокациялық және оптикалық суреттерін пайдалана отырып, дәнді дақылдардың өсу параметрлерінің мониторингі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.07Кілттік сөздер:
Дәнді дақылдардың өсу параметрлері, кері шашырау қарқындылығының параметрлері, NDVI, Sentinel-1, Sentinel-2.Аннотация
Қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану ауыл шаруашылығының дәнді дақылдарының фенологиясын бақылау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Оптикалық және радиолокациялық кескіндердің болуы бірнеше ауыл шаруашылығының дәнді дақылдарының фенологиялық кезеңдерінің уақыт сипаттамаларына жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу ауыл шаруашылығының дәнді дақылдарының вегетациялық кезеңінде Sentinel-1 уақыт аралық суреттерін және Sentinel-2 оптикалық деректерін пайдалана отырып, Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында орналасқан егіншілік алқабында жүзеге асырылды. Sentinel-2 суреттерінен алынған NDVI мәндері және Sentinel-1 радиолокациялық суреттерінен алынған VH/VV кері шашырау қарқындылығының көп уақыттық көрсеткіштері бірнеше дәнді дақылдардың кері шашырау көрсеткіштері мен вегетациялық күйінің сипаттамасын сипаттау үшін пайдаланылды. Дәнді дақылдардың өсу параметрлері Google Earth Engine платформасы арқылы есептелді. Google Earth Engine-бұл пайдаланушыларға жердің спутниктік суреттерін визуализациялауға және талдауға және геокеңістіктік талдау жасауға мүмкіндік беретін бұлтты платформа. Нәтижелер ауыл шаруашылығының дәнді дақылдарының өсу циклінің фенологиялық кезеңдерін NDVI мәндерінің уақытша вариациялары мен радар параметрлері негізінде тануға және ажыратуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері бойынша кері шашырау мәндерінің трендтік графиктері NDVI мәндерімен өте сәйкес келетіндігін көруге болады. VV/VH кері шашырау мәндері бар NDVI әртүрлі ауыл шаруашылығының дәнді дақылдарының фенологиялық өзгерістерін ажырату және талдау үшін пайдалы құралдардың бірі ретінде қарастырылуы мүмкін.