Экотуризмді дамыту үшін туристік - рекреациялық ресурстардың әлеуетін бағалау: Оңтүстік Қазақстан мысалында
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.010Кілттік сөздер:
экотуризм, Оңтүстік Қазақстан, табиғи туристік-рекреациялық ресурстар, әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, туристік инфрақұрылым, аудандастыруАннотация
Бұл мақала қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын табиғи ортаны экотуристік мақсатта дамытуға және пайдалануға арналған. Бұл тұрғыда экологиялық туризм сияқты табиғатты қорғау және дамыту аса маңызды міндет болып табылады. Сонымен қатар, экотуризм бүгінгі таңда әлемдік туризм индустриясының ең жылдам дамып келе жатқан секторларының бірі. Қазақстан туризмнің осы түрін ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан экотуристік тұрғыдан ең тартымды болып табылады. Сондықтан авторлар экотуризмді дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстарының әлеуетін бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экотуризмді дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие Оңтүстік Қазақстан сонымен қатар Қазақстанның ең тығыз қоныстанған өңірі болып табылатындығына байланысты даму деңгейі артып келеді. Сондықтан осы өңірде экотуризмді дамытуды туристік қызмет нәтижесінде экологиялық жүйелерге теріс әсерді төмендетудің басым жолдарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бұл мақалада экотуризмнің табиғи рекреациялық және әлеуметтік-экономикалық ресурстары талданды және жүйеленді, сондай-ақ қарастырылып отырған өңірді туристік қызмет көрсету объектілерімен қанықтыру дәрежесі бойынша аудандастыру жүргізілді, жиынтық ретінде туристік-ресурстық әлеует айқындалды. Оның негізінде экотуризмді дамыту бойынша перспективалы аудандар айқындалды және де Оңтүстік Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстарының тартымдылығының картограммасы жасалды.