Топоцентрлік проекцияда геодезиялық негіз құрудың әдісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.04
        103 42

Кілттік сөздер:

кен орны, игеру, мониторинг, геодинамикалық полигон, геодезиялық торап, координаттар жүйесі, картографиялық проекциялар, жерсеріктік жүйе, өлшеу дәлдігін бағалау.

Аннотация

Координаттарды анықтаудың жерсеріктік технологияларын іске асыру жер қойнауын игеру кезінде геодезиялық негіз құру  және кеніштерде маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осыған байланысты эллипсоидтың бетінде автоматтандырылған әдіспен алынған координаттарды қалыпты тік сызыққа бағытталған көлденең жергілікті проекцияға аударудың маңызы өте зор. Бұл жағдайда кейбір  ауытқуларды басқаруға және берілген дәлдік параметрлеріне сәйкес келетін жергілікті аймақтық проекция таңдауға мүмкіндік туады. Бұл тәсіл жер қойнауын игеру кезінде геодинамикалық полигон (ГДП) құруда, және де  жобалық шешімдерді нақтылы жерге  көшіруге  мүмкіндік береді. Мақалада топоцентрлік координаттары бар жергілікті тегіс бетті қолданудан тұратын геодинамикалық полигонды қалыптастырудың өзекті ұстанымы ұсынылған. Топоцентрлік координаттарда құрылған ГДП-да  геоцентрлік координаттар минималды түрде бұрмалануларға ие, және бұл тәсілмен  бүгінде геодезиялық жұмыстардың үлкен  үлесі орындалады.

Есептеулер және өлшеу нәтижелерін теңестіру жүргізілетін геоцентрлік жүйеден топоцентрлік жүйеге (топоцентрлік координаттары бар геоцентрлік координаттардың жазық проекциясы) координаттарды аударудың,  өлшеу нәтижелерін теңестірудің нақтылы мысалдары келтірілген. Гаусс-Крюгердің аймақтық координаталар жүйесіне қатысты нәтижелерді салыстыру маңыздылығы, деректерді  ұсынудың дәстүрлі формаларын сақтай отыра координаттарды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру мүмкіндігі және өлшеу нәтижелерін бағалау көрсетілген.

Зерттеу нәтижелері «Орталық Қазақстанның кен орындарын ауқымды игеру кезінде жер бетінің баяу деформациялық процестерін кешенді мониторингтеу» гранттық қаржыландыру жобасын орындауда тау-кен кәсіпорындарда енгізілді, сондай-ақ Satbayev University оқу процесінде пайдаланылды.

Авторлардың биографисы

М.Б. Нұрпейісова, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы, Қазақстан

Техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының профессоры

О.С. Курманбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы

Ж.М. Жұматаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(хат-хабар алмасу үшін автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы

Ж.К. Алимсеитова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы

С.А. Неверов, Н.А. Чинакала атындағы тау-кен институты, Новосибирск, Ресей

Техника ғылымдарының докторы, РҒА Сібір бөлімшесінің Н.А. Чинакала атындағы тау-кен ісі институтының жерасты кен орындарын игеру зертханасының меңгерушісі  

Жүктелулер

Жарияланды

2024-03-30

Как цитировать

Нұрпейісова, М., Курманбаев, О., Жұматаева, Ж., Алимсеитова, Ж., & Неверов, С. (2024). Топоцентрлік проекцияда геодезиялық негіз құрудың әдісі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 72(1), 48–60. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.04

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика