Тау-кен кен орындарын игеру кезінде ауаның сапасын басқару

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.09
        119 68

Кілттік сөздер:

атмосфераның ластануы, аэрозольдар, қалдық қоймалары, метеорологиялық факторлар, атмосфералық ауа сапасын басқару.

Аннотация

Мақалада тау-кен кен орындарындағы атмосфералық ауа жағдайын бағалау бойынша заманауи зерттеулерге шолу жасалған. Pb-Zn құрамды минералды ресурстарды жаһандық бағалау көрсеткендей, 67 елде жүзеге асырылатын құрамында орташа мөлшері 0,44% Pb және 1,20% Zn бар кенді өңдіру және қайта өңдеу  экологиялық мәселелерді, әсіресе атмосфералық ауаның ластануын тудырады. Дегенмен, Pb-Zn кеніштері қалдықтарының көп мөлшері тиісті өңдеусіз қалдық қоймаларында орналастырылғандықтан, олар тотықтырғыштардың әсеріне және ауа-райы жағдайларына, мысалы эолды эффектіге  өте сезімталдық танытып, үлкен қауіп төңдіреді. Атмосфераның жер деңгейлік қабатының ластануы, зерттеулер көрсеткендей, қоршаған ортаға әсер ететін ең күшті фактор болып табылады. Дамыған елдерде Environmental Impact Assessment қағидаттарына негізделген атмосфералық ауа сапасын басқару жүйесі экологиялық және экономикалық мүдделердің ақылға қонымды үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шолуда тау-кен өңдіру кәсіпорындарындағы атмосфералық ауа ластануларын басқарудың жалпы принциптері мен практикалық әдістері сипатталған. Атмосфера ластануын талдау кезінде жергілікті мекеннің нақты метеорологиялық жағдайларын ескеру қажет екендігі көрсетілген.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29

Как цитировать

Кожагулов, С., & Сальников , В. (2023). Тау-кен кен орындарын игеру кезінде ауаның сапасын басқару. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 71(4). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v71.i4.09

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология