Шағын қалалардың тұрақты дамуының тарихи-географиялық аспектілері (Жамбыл облысының шағын қалалары мысалында)

Авторлар

  • Д.Т. Алиаскаров Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7628-1246
  • К.Д. Каймулдинова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7352-5586
  • Ш.У. Лайсханов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3353-9681
  • Н.Ө. Сәлімжанов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0514-1454

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.02
        174 163

Кілттік сөздер:

шағын және моноқалалар мәселесі, қала құраушы кәсіпорындар, әлеуметтік жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, тұрақты даму.

Аннотация

Бұл мақалада шағын қалалардың тұрақты даму мәселелері тарихи-географиялық факторлар тұрғысынан талданды. Талдау барысында, шағын қалалар тобына жататын монобейінді қалалар, әлемде және елімізде мәселелер «орталығына» айналғанына көз жеткіздік. Әлемдік индустрияландырумен байланысты бұл қалаларға қатысты қалыптасқан түсініктерге, атауларға, ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдарына теориялық-тұжырымдамалық талдау жасалды. АҚШ, Канада, Аустралия, Жапония, Германия және т.б. елдердің тәжірибесі негізінде, дағдарыс жағдайындағы монобейінді қалаларда еңбек ресурстарын оңалтудың және қолдаудың негізгі тетіктері анықталды. Ал, еліміз жағдайында Жамбыл облысының шағын қалалары мысалында қарастырдық. Ол бойынша, шағын қалалардың мамандануының тарихи аспектілеріне мән беріліп, тұрақты дамуын шектейтін ортақ мәселелердің классификациясы жасалды. Тарихи деректер мен теориялық тұжырымдар негізінде, қалалардағы демографиялық мәселелер талданып, инновациялық қала дамуының стратегиялық кезеңіндегі орны анықталды. Тұрақты даму тұжырымдамасы бойынша, қалалық ортаны дамытудың негізгі салалары таңдалып, олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әсерлеріне мән берілді. Жалпы, мақаладағы зерттеу нәтижелері қалалар географиясы бағытындағы зерттеулерді толықтыратын болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19

Как цитировать

Алиаскаров D. ., Каймулдинова K., Лайсханов S., & Сәлімжанов N. (2023). Шағын қалалардың тұрақты дамуының тарихи-географиялық аспектілері (Жамбыл облысының шағын қалалары мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 69(2). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.02

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география