Өзгермелі климаттық жағдайларда Қазақстан Республикасы Түркістан облысы аумағының табиғи жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуін бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.06
        178 96

Кілттік сөздер:

Климаттың өзгеруі, ауа температурасы, энергиялық ресурстар, табиғи ылғалдылық коэффициенті, гидротермиялық индекс.

Аннотация

Қазақстан Республикасы Түркістан облысының табиғи аймақтарының 1941-2020 жылдардағы табиғи сумен қамтамасыз етілуіне (1941-1960 және 2001-2020 жж. кезеңдеріндегі көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізу арқылы) энергетикалық ресурстарға негізделген табиғи ылғалдану коэффициентін және гидротермиялық көрсеткішті немесе «құрғақтық индексін» пайдалану негізінде (ауаның биологиялық белсенді температурасының сомасы 10 оС-тан жоғары, фотосинтетикалық белсенді радиация, булану және ауыл шаруашылығы алқаптарын су тұтынуы) бағалау жүргізілді. 1941-2020 жылдар аралығында Түркістан облысының табиғи аймақтарындағы климаттық көрсеткіштердің өзгерістерін салыстырмалы талдау нәтижелері барлық табиғи аймақтарда ауаның орташа жылдық температурасының артуы байқалғанын, ал жылдық атмосфералық жауын-шашынның төмендеу үрдісі байқалғанын көрсетті, бұл энергетикалық ресурстар мен табиғи сумен қамтамасыз етудің қалыптасуына әсер етеді. Түркістан облысының табиғи аймақтарында табиғи ылғалдану коэффициенті мен гидротермиялық көрсеткіш белгілерінің немесе «құрғақтық индексінің» өзгеру ерекшеліктерін анықтау олардың шекараларының таралуын түзетуге және ауыл шаруашылығы табиғатын пайдалануды аумақтық ұйымдастыру кезінде берілген өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

 

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-22

Как цитировать

Мустафаев Z., Тулетаев A., & Кудерин, А. (2023). Өзгермелі климаттық жағдайларда Қазақстан Республикасы Түркістан облысы аумағының табиғи жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуін бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 68(1). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.06

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология