Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй бағасының дифференциациясын анықтайтын факторлар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.02Кілттік сөздер:
баға дифференциациясы, Ақтөбе қаласы, жылжымайтын мүлік, қоршаған орта.Аннотация
Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй бағасының саралануын анықтайтын бірнеше факторлар бар. Бұл тұрғын үйдің сапасы, пәтерлердің жай-күйі, орналасқан орны, орталыққа жақындығы, экологиялық жай-күйі, көлікке қолжетімділігі және т.б. өзінің сұранысы мен жоғары инвестициялық тартымдылығының арқасында қала соңғы жылдары тұрғын үй бағасының өсу қарқыны бойынша қазақстандық орташа көрсеткіштерден алда келе жатыр. Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй нарықтарының бірі – Ақтөбе қаласы. Жылжымайтын мүлік нарығының дамуы ұлттық экономиканың өркендеуіне ықпал етеді, осылайша инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасайды. Тұрғындардың табыс деңгейін арттыру фискалдық саясат құралдарының негізінде қаладағы тұрғын үйдің қолжетімділігін көтеруі мүмкін. Мақаланың өзектілігі Ақтөбе қаласындағы жылжымайтын мүлік нарығының даму үрдістері мен келешегін талдау қажеттілігімен байланысты, өйткені оның нарықтағы тұтынушылар үшін үлкен әлеуметтік маңызы бар. Зерттеудің мақсаты Ақтөбе қаласындағы жылжымайтын мүлік нарығының дамуына әсер етуші факторлары мен үрдістерін талдау. Салыстырмалы талдау әдісімен тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығы жүргізілді. Мақалада қолданылған зерттеу әдістері статистикалық деректерді талдау, ретроспективті талдау және логикалық тәсілдер болып табылады. Зерттеу қорытындысында Ақтөбе қаласының географиялық және экономикалық жағдайларында тұрғын үйге қолжетімділік индексінде және жылжымайтын мүлік нарығының даму үрдістерінде көптеген айырмашылықтар бар екені анықталды.