ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Авторлар

  • У.А. Токбергенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9678-8124
  • Б.Ш. Абдиманапов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2377-6031
  • Е.А. Токпанов І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2029-5278

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.010

Кілттік сөздер:

туризм, рекреация, экологиялық туризм, әлеуметтік туризм, этнотуризм.

Аннотация

Туризм-экономиканың белсенді дамып келе жатқан саласы. Қазақстанның туристік дестинациялары әлемдік туризм нарығында әлі кеңінен ұсынылмағанымен, бірегей табиғи ресурстар мен мәдени-тарихи мұра объектілеріне ие бола отырып, еліміз әлемдік туризмде лайықты орын алу үшін зор әлеуетке ие. Еліміздe туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.

Қазақстанда ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілген үш мәдени мұра нысаны және екі табиғи мұра нысаны орналасқан. Дегенмен, туристік индустрияның тартымдылығы әдемі табиғи ландшафттармен және тарихи көрікті жерлермен ғана емес, сонымен қатар дамыған инфрақұрылым мен қызмет көрсетумен, көлікке қол жетімділікпен және қауіпсіздікпен сипатталады.

Республикада ішкі және сырттан келуші туристер қызығушылық туғызып отырған аймақтар ұлттық парктер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып отыр. Қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттар Алматы, Астана қалалары мен  Шығыс Қазақстан облыстары болса, шетелдік туристер арасында ең танымал Алматы кластері болып отыр.

Қазақстанның өңірлерінде туризмді дамыту арқылы ел экономикасындағы бұл саланың үлесін арттыруға мүмкіндіктер бар. Ол үшін саланың дамуындағы өзекті мәселелерді шешу қажет.

 

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-23

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм