Шығыс Қазақстан аймағында емдік-сауықтыру туризмін дамытуда марал шаруашылығының рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.012Кілттік сөздер:
Шығыс Қазақстан, марал, пантамен емдеу, туризм, емдік-сауықтыру туризм, санаторий, курорт, рекреация.Аннотация
Соңғы жылдары еліміздің ішкі туризмінің дамуына байланысты Шығыс Қазақстанда панты шикізатын қолдануға негізделген сауықтыру қызметтеріне үлкен қызығушылық байқалады. Шығыс Қазақстан аумағында туристік-рекреациялық типтегі ерекше экономикалық аймақтардың құрылуы марал шаруашылығының дамуына серпін береді. Туризмнің белсенді дамуы марал шаруашылығы өнімдеріне негізделген емдеу-сауықтыру технологияларын қолдануды едәуір кеңейтеді.
Мақалада Шығыс Қазастан облысын санаторлы-курорттық аймаққа айналдырудың маңызды алғышарттарының бірі - марал пантасымен емдеу орталықтарын дамыту екендігі айтылған. Соның негізінде аймақтың рекреациялық ресуртсарына талдау жасалып, қазіргі жағдайы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты киелі марал бұғыларының пантасы арқылы Шығыс Қазақстанның емдік-сауықтыру туризмін әлемдік деңгейге жеткізу болып табылады.
Зерттеу барысында Шығыс Қазақстанның емдік туризімін дамытудағы маралдардың негізгі рөлі мен оның адам денсаулығына тигізетін орасан зор пайдасы айтылады. Олардың қай аймақ территориясында басым екендігі анықталып, зерттеу нысаны ретінде Алтай өңірі мысалында бағаланады. Зерттеу нысаны аумағындағы маралмен емедеу орталықтарының қазіргі жағдайы баяндалып, туындаған мәселелердің негізгі себептері анықталып, оларды шешу жолдары мен ұсыныстары беріледі. Зерттеу статистикалық мәліметтер мен құжаттарға сүйене отырып, бақылау, талдау әдістері арқылы іске асырылды.