Мемлекеттік және жеке меншік туристік кәсіпорындар арасындағы серіктестікте бюрократия мен үйлестіру мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.10
        128 140

Кілттік сөздер:

Қазақстан, туризмге мүдделі тараптар, сенім, бюрократия

Аннотация

Туризм әлемдегі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады.
Осыған қарамастан, қазақстандық экономика туризмнен айтарлықтай пайда көрмейді. Кеңес Одағынан
шыққаннан кейін арнайы мемлекеттік реттеуші органдар құрылды, арнайы туризм туралы заңдар мен
саясаттар қабылданды, қолданыстағы инфрақұрылымның кейбір бөлігі жаңартылды және жеке бизнесті
дамыту ынталандырылды. Алайда, осы күш-жігерге қарамастан, Қазақстанда аймақтық немесе халықаралық
деңгейде туризмнің қарқынды өсуін байқалмады.
Туризмнің сәтті дамуы оның мүдделі тараптарының үйлесімді жұмысына тікелей байланысты
болғандықтан, бұл зерттеу Алматы қаласы мен Алматы облысын және Қазақстанның туризмін жоспарлау
және дамыту процесіне мүдделі тараптардың қатысуын анықтауға бағытталған. Деректер мемлекеттік, жеке
сектордың және ерікті ұйымдардың өкілдері болып табылатын 48 туризм саласындағы мүдделі тараптармен
жартылай құрылымды сұхбат жүргізу арқылы жиналды. Осы зерттеудің нәтижелері бес негізгі тақырыпқа
бағытталған: мүдделі тараптар арасындағы желілер, деректерді жинау әдістемесі, адами капиталдағы
кедергілер және туристік компаниялар мен университеттердің туризм индустриясындағы рөлі.
Осы зерттеудің нәтижелері аймақтық деңгейде басқарудың бірыңғай тәсілінің жоқтығын көрсетті;
сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі туризм саласына қолдаудың салыстырмалы түрде жетіспеушілігі
(қағаздағы басым мәртебеге қарамастан) және әр түрлі мүдделі тараптар арасындағы сенім деңгейінің төмен
болуы сияқты мәселелер Қазақстандағы табысты туризм индустриясының дамуына кедергі болып
табылады.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-20

Как цитировать

Сақыпбек, М. ., Асипова, Ж. ., Актымбаева, А. ., & Қалиева, А. (2023). Мемлекеттік және жеке меншік туристік кәсіпорындар арасындағы серіктестікте бюрократия мен үйлестіру мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 70(3). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.10

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм